Назарбаев Путинмен кездеседі

16
616

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездеседі, – деп хабарлайды ФАН Ресей лидерінің баспасөз қызметшісі Дмитрий Песковқа сілтеме жасап.

Песковтың айтуынша, Путин мен Назарбаев екі ел арасындағы және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, екі елдің мемлекет басшылары бірнеше нысанды аралайды.

Дүйсенбіде Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының отырысына қатысады.

Назарбаев Санкт-Петербург қаласына 24 желтоқсанда ұшып келген. Пулково әуежайында оны Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченко және РФ Президентінің уәкілетті өкілі Николай Цуканов күтіп алды.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-putinmen-kezdesed-275827/

16 ПІКІРЛЕР

  1. Екі ел басшыларының достығы арыдан берік, сонықтан болар биылдыққы 8-9 рет кездесіп жатыр

  2. Ресей мемлекеті Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері үздіксіз қолдап келе жатқан мемлекеттердің бірі деп білемін.

  3. Самимиттің қалай өткендігін теледидардан жаңалықтардан біле жатармыз. Тек сәтті өтсін.

  4. Кездесу барысында екіжақты мәселелермен қоса одаққа байланысты проблемалар да қозғалып, ары қарай дамуына әсер етеді деп сенемін.

  5. биылғы жыл күтпеген оқыс оқиғаларға толы болды, соларды бір талқылап ой елегінен өткізбек болған болар

  6. жыл соңындағы кездесу жақында болып жатқан ауыр оқиғаларға байланысты болса керек

  7. Ресей үшін осы жыл ауыр жыл болды, көрші, дос, әрі серіктес ел ретінде біздің Елбасы ақыл беріп отырғаны дұрыс

  8. Қиын ыстау күндерде демеу болып ақылын айту біздің Елбасының көрші, серіктес жақын мемлекет ретінде парызы әрине

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз