Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды

0
873

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жолдар жабылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында қатты жел мен жолдың көрінбеуіне байланысты Сарыөзек – Көктал (40-80 шақырым, Көгалы ауылы – Басшы ауылы) тасжолы барлық көлік түрі үшін жабылды. Сондай-ақ, Үшарал – Достық (83-184 шақырым) тасжолы барлық көлік түрі үшін жабылды.

Шығыс Қазақстан облысындағы Алматы – Өскемен (973-1073 шақырым, Өскемен – Қалбатау ауылы) тасжолы барлық көлік түрі үшін жабылды.

Солтүстік Қазақстан облысында Саумалкөл – Новоишим (0-91 шақырым) тасжолы барлық көлік түрі үшін жабылды.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstannyin-ush-oblyisyinda-joldar-jabyildyi-275842/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз