Болашақ президент Әсет Исекешев пе?

3
953
Соңғы кездері Ақорда ірі кадрлық ауыс-түйістер жүргізіп, бәрімізді аң-таң қылды. Соңғы тағайындалған облыс әкімдері соған дәлел.
Менімше, Мемлекет басшысы өзінің ұзақ жылғы сенімді кадрларын саясат сахнасынан жылжытып, жастарды тартқысы кеп жүрген секілді. Бұл баяғыдан жүзеге асып келе жатқан жоспар. Нұртай Әбіқаев алғашқы болып осы тізімге ілікпеп пе еді…
Жаңадан әкім боп тағайындалғандардң дені қырықтан енді ғана асқандар. Бұрын-соңды олар туралы көп ешкім естімеген. Бұл запастағы кадрлар ғой. Елбасы жаңа команданы бекер алдыға шығарып жатпаған секілді.
Иманғали Тасмағамбетовтың елші болып кетуінен шығады әңгіме. Осыған дейін келесі Президент кім болады деген сұраққа бәрі бір ауыздан Нұрсұлтан Назарбаевтың ең сенімді серіктерінің бірі Тасмағамбетовты айтушы еді. Имекең енді елшіліктен қашан және кім болып оралатынын бір құдай және Елбасы ғана біледі…
Экспо-2017 өткесін мұнан да ірі өзгерістер орын алады деп жатыр ғой билікте. Дүние көшіп кетсе де мызғымайтын Жақсыбеков те өз өтінішімен кетеді деген сыбыс бар. Орнына Исекешев, не Байбек баруы мүмкін деп жорамалдайды білгіштер.
Менімше, бұл сөздердің қисыны бар. Елбасы осы екі жасты, әсіресе, Әсет Өрентайұлын дайындап жүрген секілді. Себебі, аса бір үлкен жетістіктерімен есте қалмаған Исекешевті бас қаланың әкімі етіп тағайындауы үлкен сенім. Астана әкімін осал адамдар басқармаған. Шүкеев, Жақсыбеков, Тасмағамбетов, Мамин… Бәрі де аса ауыр салмақтағы саяси ойыншылар. Назарбаев бұлардың қатарына енді Исекешевті де қосты.
Менімше, біздің сұңғыла да, дана Елбасымыз өзінің орнына осы Әсеттей іскер де, білімді жігітті қалдырғысы келетін секілді.
Қазіргі уақытта Исекешев бас қаланың әкімі бола отырып, халықпен өте тығыз қарым-қатынаста жүр. Тіпті, әлеуметтік желіде парақшасын ашып алды. Халық алдына тікелей өзі шығып, бар сұраққа жауап беріп жүр. Астана әкімі болған бір де бір шенеунік халыққа мұнша жақын болуға тырыспаған.

Сондықтан, сөзіміздің жаны бар секілді. Несі бар…

М. Ерғали,
Елорданың патриот тұрғыны

3 ПІКІРЛЕР

  1. осы кім М. Ерғали деген, ешкім көрген емес түрін, Х пенде ме? Өзіне өзі жарнама жасағанды бірінші көруім. желіде парақша ашып халықпен сөйлескендердің бәрі президент болуы керек пе?!

  2. «Өзіне өзі жарнама жасағанды бірінші көруім»-деп нені айтып тұрсың, 1-ші коммент иесі? Бұл жерде Исекешев жарнама болмаса, автор қалай өзін жарнамалайды?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз