«Қазақ елі» монументінің басына белгісіз біреулер есімдерін қашап жазып кетті (фото)

0
595

Белгісіз біреулер 91 метрлік «Қазақ елі» монументінің ең биік жеріне есімдерін қашап жазып кеткен. Жазбаны өшіру үшін әкімдік альпинистерді тартпақ деп хабарлайды «КТК» арнасы.

«Қазақ елі» монументінің басына белгісіз біреулер есімдерін қашап жазып кетті (фото)МОНУМЕНТ. ФОТО: FACEBOOK.COM/BERDONGAR

Бұл сөздерді Наурыз мейрамын дронға түсіріп, ролик жасаған қоғам белсендісі байқап қалған. Әрине, мұнда олар анық көрінбейді. Десе де, көзі қырағы азамат «Қазақ еліне» белгісіз біреулердің Мұрат, Бердібек және Тараз деп жазып кеткенін байқаған. Бұны әкімдіктегілер де растап отыр.

Бірақ шенеуніктер Елордадағы ең үлкен ескерткішті бүлдіргендерді іздеп, жазаламайды екен. Өйткені бұл вандалдардың емес, құрылысшылардың ісі. Оның үстіне алып сәулет өнерінің туындысына арнайы техника болмаса шығу мүмкін емес.

«Монументтің жоғары жағына жазба қалдыру мүмкін емес. Меніңше, ескерткішті орнатып жатқанда жұмысшылар өз есімдерін қашап жазған. Жақында альпинистер бояудың құрамын тексереді. Сөйтіп, өшірудің жолдарын іздейді», – дейді Астана қаласы Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы директорының міндетін атқарушы Нелли Шиврина.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз