Украина Назарбаевқа тосын сый әзірлеуде

0
308

Украинаның Қазақстандағы елшісі  Володымыр Джиджора Украинаның ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындығынан хабардар етті. Астанада қандай украиналық әртістер өнер көрсететіндігі белгілі болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Украина Назарбаевқа тосын сый әзірлеудеЭКСПО. ФОТО: ARNA-NEWS.KZ

«Расында да, біз президент Нұрсұлтан Назарбаевты сүйікті әртістерімен таң қалдырғымыз келеді. Монатик болады (украиналық әнші әрі композитор). Бәлкім оны сіздер білетін шығарсыздар? Ол айтарлықтай танымал әнші. Бірақ президенттің сүйікті әншісі ол емес. Біз арнайы тосын сый жасап, оны таң қалдырғымыз келеді. Бұны әзірше құпияды ұстайтын боламыз», — деді украиналық дипломат.

Сондай-ақ елшінің айтуынша «ЭКСПО» көрмесінде  Украина өзінің ұлттық асханасымен таныстырмақ.

«Біз Украина елінің тамаша ұлттық асханасын барынша көрсетуге тырысамыз. Бізде «Мельница» атты украиналық мейрамхана бар. Менің көптен бері ойлаған арманым бойынша, аталмыш көрмеде бағалы иіссулардың орнына иісі мұрын жаратын дәмді борщ тағамы болуы керек», – дейді  Джиджора.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз