Қазақстанда әлеуметтік салықты төмендетпек

0
302

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мекеменің әлеуметтік салық көлемін төмендету жағын қарастырып жатқандығын мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда әлеуметтік салықты төмендетпекТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ. ФОТО: ALAU.KZ

«Біз Салық кодексінің аясында салық жүктемесіндегі қай элементтерді төмендетуге болатынын ойластырамыз. Әзірше әлеуметтік салықты төмендету ғана зейнеткерлік жүйе мен медициналық қамсыздандыруға кері әсер етпейді. Мүмкін әлеуметтік салықты төмендетеміз», – деді Сүлейменов үкімет сағаты барысында.

Бұған қоса, жасалып жатқан салықтық кодексті жетілдіру жұмыстарының аясында мнистрлік тарапынан салықтың салмақ түсіретін тұстарын төмендету жағы қарастырылатындығы белгілі болды. Бүгінгі таңда Қазақстандағы әлеуметтік салық мөлшері 11%-ды құрап отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз