Терезеден секіріп кеткен 14 жастағы оқушы бір тәуліктен соң Павлодарда табылды

0
268

Павлодарда 26 наурыз күні төртінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы Ангелинаны тәртіп сақшылары бір тәуліктен кейін тауып алды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Терезеден секіріп кеткен 14 жастағы оқушы бір тәуліктен соң Павлодарда табылдыКӨРНЕКІ ФОТО: PIXABAY.COM

Ангелинаны алдымен ауладан тауып алып, кейіннен емханаға жіберген. Қыздың айтуынша, осы уақытқа дейін ол көшеде жүріпті.

Мектеп оқушысының анасын аналық құқығынан айырған соң, екі әпкесі, екі сіңілісі және Ангелина балалар үйіне жіберілген. Кейіннен Ангелинаны әжесі мен әкесі алып кетті.

Қыздың әкесі Анатолий Кузиковтың сөзінше, әжесі сол күні жұмыстарымен үйден шығып кеткен, Ангелина болса пәтерді құлыптап алып, әлеуметтік желі арқылы құрбысына отбасылық проблемаларына байланысты өмірден кететінін жазады.

Артынан емханадағы құрбысының жанында болған ол, кетіп бара жатып, қардың үстіне  «Мен – етпін» деген жазу қалдырған. Әкесі қызының планшетінде тыйым салынған «Көк кит» сайтын тапқанын айтуда.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз