Перуашев Қазақстан азаматы болғысы келетіндер қазақ тілі мен тарихын білу керек деп мәлімдеді

1
195

Қазақстан азаматтығын сұраушылар қазақ мәдениеті мен тарихы, мемлекеттік тілден емтихан тапсыруы тиіс. Бұл  тілді түсінбеу немесе қалыптасқан дәстүрді білмеуден туындайтын жергілікті халықпен жанжалдарды болдырмау үшін керек. Бүгін vәжілістің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев Үкімет басшысына осы мәндегі депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Перуашев: Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер тарих пен қазақ тілінен емтихан тапсырсынДепутат өз сөзінде бірқатар мемлекеттегі босқындардың қатысуымен болған жантүршігерлік оқиғаларды мысалға келтірді. Оның айтуынша, елбасының бейбіт саясаты мен экономикалық реформалардың арқасында Қазақстан лайықты өмір сүруге болатын тартымды мемлекетке айналып отыр.

«Сондықтан еліміз жақын аймақтардан қашқан босқындар үшін қызығушылық туғызуы мүмкін. Осыны ескеріп, елімізде миграциялық дағдарысты күтпей-ақ, оны реттеу мен қазақстандық бірегейлікті қорғау жөнінде алдын ала шараларды қолға алу қажет деп есептейміз. Ең алдымен, заңнаманы конституцияға сәйкестендіру аясында азаматтық туралы заңда Қазақстанның азаматтығын сұраушылардың емтихан тапсыруы туралы нормалар қарастырылуы тиіс.

Атап айтқанда, республика конституциясы, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы, мемлекеттік тіл жөнінде және тағы басқалары. Бұл ұсыныс ешкімге ешқандай дискриминация білдірмейді. Бірақ оларға біздің халық пен мемлекетті құрметтеуге тура келеді», — деп атап өтті депутат.

Азаматтыққа құқық алу үшін емтихан тапсыру Австралия, Австрия, Германия, Канада, Нидерланды, АҚШ, Израиль, Оңтүстік Корея сынды көптеген елде бар екен. Оның үстіне мұндай емтиханды тапсыру негізінен ақылы болғандықтан, бюджетке ешқандай жүк түспейді. Кейбір мемлекеттерде емтиханды азаматтық алғысы келгендер ғана емес, сонымен қатар еңбек мигранттары немесе ұзақ мерзімге виза алушылар да тапсырады. Мысалы, Голландия мен Ресейде.

«Оның мақсаты тілді түсінбеу немесе қалыптасқан дәстүрді білмеуден туындайтын жергілікті халықпен жанжалдарды болдырмау. Біздің ойымызша, ұсынылып отырған бастама дер кезіндегі және конституциялық реформаға сәйкес келеді», — деп түйді сөзін Перуашев. 

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз