Еліміздің кей өңірлерінде 18 градусқа дейін аяз болады

0
326

Сәуірде атмосфералық процестер тез өзгеретіндіктен ауа райы ерекше болады. Қазақстан аймақтары арқылы антициклондар мен циклондар жоғары жылдамдықпен жылжиды деп хабарлайды Baq.kz.

Еліміздің кей өңірлерінде 18 градусқа дейін аяз боладыКҮННІҢ СУЫТУЫ. ФОТО: ZOOBLOG.RU

Алдағы демалыс күндері ауа райы циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттарға байланысты болады, көптеген облыста күн жауын-шашынды болып, сулы қар жауады, оңтүстік облыстарда жаңбыр жауып, түнгі және таңертеңгі уақыттарда оның соңы қарға айналып, температура төмендеуі мүмкін.

Сенбі күні батыста, жексенбі күні солтүстік, орталық және шығыста күн ашылады деп болжануда, бірақ түнде 8-18 градусқа дейін аяз болып, ауа температурасы климаттық нормадан 3-6ºС төмендейді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз