Әжетхана алдына төселген Абайдың суреті салынған кілемше елдің ашуын тудырды (фото)

0
760

Алматыдағы қоғамдық әжетхана алдында төселген Абайдың суреті салынған кілемше елдің ашуын тудырды. Ұлы ақынның суреті аяқтың астында жатыр.

Әжетхана алдына төселген Абайдың суреті салынған кілемше елдің ашуын тудырды (фото)Сурет Instagram желісіндегі zhest_kz  парақшасында жарияланған.

Бұл сурет желі қолданушыларының ашуын тудырды.

Олардың айтуынша, бұл Алматыдағы қоғамдық әжетханалардың бірі. Ол Мұстафин мен Біржан сал көшелерінің қиылысындағы «Орбита» сауда үйі мен базар маңында орналасқан болуы мүмкін.

Өзге желі қолданушылары суретті жасанды деп атады. Олардың айтуынша, бұл фотошоп бағдарламасы арқылы елді дүрліктіру үшін жасалған.

«Меніңше, бұл – фотошоп. Саналы адам мұндайға бармайды деп ойлаймын. Қоғамдық әжетхананың алдына кілемшені кім төсейді?», – деді олардың бірі.

Дегенмен, қазақстандықтардың көбі бұл жайттың сорақылық екенін атап айтты. .

«Мұны істеген адамды адам деуге ұят. Олай болмайды ғой. Ол біздің ұлы тұлғамыз. Қаншама ұрпақ оның ұлы шығармаларымен өстік. Масқара», – деп жазды олар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз