Қазақстан тұрғынын балаларымен бірге Литвадан еш себепсіз қуып шықты (фото)

0
289

Адиля Юсупова ұшақ пен мен қонақүйге жүз мыңдаған қаражат жұмсап, абыржып қалды. 26 наурыз күні әйелді отбасымен бірге литвалық шекарашылар Вильнюс әуе жайында ұстап, содан кейін елден шығарып жіберді. Әйелдің сөзіне қарағанда, оларға ешқандай түсінік бермеген.

Қазақстан тұрғынын балаларымен бірге Литвадан еш себепсіз қуып шықты (фото)АДИЛЯ ЮСУПОВАНЫҢ ПАСПОРТЫ. ЖЕКЕ АРХИВТЕН. ФОТО: RU.SPUTNIKNEWS.KZ

Үш тәулікке созылған жол машақаты мен күйзеліске айналған саяхаттың мән-жайын алматылық әйел Sputniknews.kz-ке телефон арқылы баяндап берген.

Әйелдің айтуынша, автобөлшек сатумен айналысатын оның жұбайы Вильнюске іс-сапарға жиналған. Ол демалыс болғандықтан балаларын алып, күйеуімен бірге аттанбақ болған. Консулдықтан кеңес алған ол бүкіл отбасы шенген визасын алып, қонақүйден балдын ала бөлмеге тапсырыс берген. Олар екі күнін Вильнюсте өткізіп, Франкфуртқа баруды ойластырады. Алайда, Литва астанасына келгенде проблемалар басталады. Жергілікті шекарашыларға қазақстандықтардың құжаттары ұнамай қалады. Атап айтқанда, балалар мен ата-анасының тектері әртүрлі болғаны, сонымен қатар өздерімен туу туралы куәліктерінің болуы сұрақтар туғызды.

«Бізді бір даладан келген қаңғыбастар секілді қорлады. Бізді ешкім тыңдамады да: «Бұл Шенген, бұл Шенген, сіздер ештеңе түсінбейсіздер!», – деп айғайлады. Мені тыңдауын өтінгеніммен ешкім құлақ асқысы келмеді.

Бейтаныс ер адам: «Сіздер не мұнда Шенген екенін білмейсіздер ме? Ал сіздер мұнда келіп тұрсыздар!», – деді. Көп жері есімде жоқ. Көрсетілген жәбірден жылап жібердім. Балаларым еш нәрсе түсіне алмай жылады», – деп бастады өзінің Еуропаға сәтсіз аяқталған саяхаты туралы әңгімесін Адиля Юсупова.

Оны балалары және күйеуімен бірге әуежайдың жертөлесіне алып барып, қамап қойған. Олар 16 сағат бойы қамауда отырып, не су, не тамақ ішпеген.

Қазақстан тұрғынын балаларымен бірге Литвадан еш себепсіз қуып шықты (фото)АДИЛЯ ЮСУПОВАНЫҢ БАЛАЛАРЫ ДЕПОРТАЦИЯ БӨЛМЕСІНДЕ

«Суды краннан алып іштік. Әжетхана ғана болды. Бесеуіміз бір диванда ұйықтауымызға тура келді. Таза ауа жоқ. Мен балаларымды қатты аядым! Кейіннен таңғы сағат бесте бір шекарашы есікті ашты. Дегенмен олар басшылық келіп, бізбен сөйлеседі деп уәде еткен. Бір еркек келіп: «Киініңдер отырғызу басталды, сіздерді кері қайтарамыз», – деді. Осылайша біз Киевке жетіп алдық. Ары қарай қалай жетеміз деп сұрап едім. Ары қарай өз есептеріңізден қайтасыздар» деді олар, – деп айтып берді Адиля.

Осылайша, Литва билігі екі жаққа да сатып алынған билеттерді жойып, отбасыны Киев әуежайына тастап кеткен. Киевтен Алматыға туристер өз қаражатымен қайтқан. Бұл «күйіп кеткен» шығынның бір бөлігі ғана. Юсупованың отбасы билеттерді Алматы – Вильнюс – Франкфурт – Вильнюс – Алматы бағыты бойынша сатып алған. Бұдан бөлек қонақ үйден 10 тәулікке орын сатып алып қойған. Әзірге әйел Киев арқылы жоспарланбаған қайтуды есептемегенде шамамен 740 мың теңгенің кеткенін айтты. Бірақ мәселе тек ақшада емес, әйел енді Еуропаға кіре алмай қаламын ба деп қорқады. Литвалық шекарашылар визаға «жойылды» деген мөр басып қойған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз