Ақмола облысында үсіп өлген екі адамның денесі табылды деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігіне құқық қорғау органдары.
КӨРНЕКІ СУРЕТ. ФОТО: OTYRAR.KZ
Астрахан ауданында егде әйел мен Шортанды ауданында ер адам үсіп кеткен.
«Астрахан ауданында 1947 жылы туған әйел фельдшерлік-акушерлік пункттің маңында, ал Шортанды ауданында 1976 жылы туған ер адам өлі күйінде өз үйінің ауласында табылды», — деп хабарлады құқық қорғау органының өкілі.
Табылған мәйіттерде күш қолдану белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама адамдардың үсіктен қайтыс болғанын көрсетіп отыр. Өткен демалыс күндері Ақмола облысында түнде ауа температурасы 10-15 градус аяз болды.
Айта кетсек, 31 наурызда осы облыста жолда үсіп өлген ерлі-зайыптылардың мүрдесі табылған болатын.