Алматы облысында туыстарына қонаққа келген қызды жездесі өлтіріп тастады

0
295

Алматы облысы Қарасай ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен 11-ші сыныпта оқитын қыздың өлі денесі табылды. Қаскөйдің жеке тұлғасын анықтаған тәртіп сақшылары 35 жастағы күдіктіні ұстады деп хабарлайды 31 арна.

Алматы облысында туыстарына қонаққа келген қызды жездесі өлтіріп тастадыКӨРНЕКІ ФОТО: KALUGA24.TV

Айуандық әрекеттің құрбаны болған өрімдей жас қыздың қандай жағдайда көз жұмғанын көршілері де, жақын маңдағылар да білмеген. Бұған дейін қайтыс болған қыз бен күдікті туыс болуы мүмкін деген ақпарат тараған.

Дәл Алматы іргесіндегі «Асыл арман» кешенінен маза қашқан. 19-үйдің алдында қаптаған полицей. Екі күн бұрын алтыншы қабаттағы пәтерлердің бірінен жас қыздың өлі денесі табылған. Жақындары мен өз өмірлері үшін алаңдаған тұрғындар сұмдық оқиғадан кейін сескеніп қалыпты. Мұндағы тұрғындардың басым бөлігі пәтерді жалдап тұрады. Қабырға жұқа, барлық дыбыс естіледі деп шағымданатын тұрғындарға сол күні ештеңе естілмеген.

Оқиға болған 19-үйдің тұрғындары дәл осы жайттан бейхабар болып шықты. Олардың айтуынша, алтыншы қабаттағы қайғылы жағдай болған пәтерде әлдекімдер жалдап тұрған. Бірақ тұрғындар дәл сол күні ешқандай айқай-шуды, көмек сұраған адамның даусын естімедік дейді.

Куәгерлердің айтуынша, бұл пәтерде кімдердің тұратынын, қайтыс болған қыздың кім екенін ешкім білмейді. Алдын ала ақпарат бойынша, 2000 жылы туған қыз туыстарына көктемгі демалысқа келген.

«Жергілікті тұрғын, 1982 жылғы азамат адам өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Қазір ол Қарасай аудандық ішкі істер басқармасына жеткізіліп, тергеу амалдары жалғастырылуда», – деді Алматы облыстық ІІД баспасөз хатшысы Айман Мырзабекова.

Қамауға алынған күдіктінің зорлау дерегіне қатысы бар жоғын анықтайтын қосымша сараптамалар да тағайындалған. Нақтыланбаған ақпарат бойынша қыз өз жездесінің қолынан қаза болуы мүмкін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз