Астраханьдағы полицейлерді өлтірген күдіктілер қатарында Қазақстан тумасы бар (фото, видео 18+)

0
436

Ресейдің Астрахань облысында полиция қызметкерлеріне жасаған шабуылда күдікті ретінде 8 адам іздестіріліп жатыр. Олардың ішінде бір қазақстандық және Қазақ КСРО азаматы бар. Бұл туралы astrakhan-24.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Астраханьдағы полицейлерді өлтірген күдіктілер қатарында Қазақстан тумасы бар (фото, видео 18+)АСТРАХАНЬ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ ДЕГЕН КҮДІКТІЛЕР. ФОТО: ASTRAKHAN-24.RU

Автозаправочной көшесінде жол-полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылда 1990 жылғы Нұрбол Рахмедуллаевич Саспановты күдікте ретінде танып, іздеу жариялады. 

Астраханьдағы полицейлерді өлтірген күдіктілер қатарында Қазақстан тумасы бар (фото, видео 18+)НҰРБОЛ САСПАНОВ. ФОТО: ASTRAKHAN-24.RU

Сонымен қатар, бұл қылмысқа қатысы бар делінген адамдар тізімі төмендегідей:

1. Әлібек Батырбекұлы Ғизатов, 19.06.1990 жылы туылған,  Қазақстан Республикасы  Денгиз ауданы, Ганюшкино селосы,  Астрахань қаласының тұрғыны.

2. Закир Закбаевич Тажиков, 09.05.1992 жылы туылған, Астрахань облысы, Степной Красноярск ауданының тұрғыны

3. Намик Фархад-оглы Агарзаев, 23.02.96 жылы туылған, Астрахань облысының тұрғыны

4. Рамзан Нажаевич Кукулаев, 18.02.1996 жылы туылған, Астрахань облысының тұрғыны

5. Кадырбай Амангалиевич Маймашев, 24.10.1979  жылы туылған, Астрахань облысының тұрғыны.

6. Ильяс Курбанович Магомедов, 21.12.1990 жылы туылған. Туған жері Қазақ КСРО-сы

7. Ахмед Играмудинович Магомедов, 16.09.1986 жылы туылған

Астраханьдағы полицейлерді өлтірген күдіктілер қатарында Қазақстан тумасы бар (фото, видео 18+)АСТРАХАНЬ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ ДЕГЕН КҮДІКТІЛЕР. ФОТО: ASTRAKHAN-24.RU

Астраханьдағы полицейлерді өлтірген күдіктілер қатарында Қазақстан тумасы бар (фото, видео 18+)АСТРАХАНЬ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ ДЕГЕН КҮДІКТІЛЕР. ФОТО: ASTRAKHAN-24.RU

Полицейлер көрсетілген тұлғаларды байқағандар болса, өзідігінен құрықтауға талпынбай, тек олардың тұрғылықты мекендерін Астрахань облысының ІІҚД Кезекші бөліміне хабарлауды өтінеді.

Оның үстіне,  Астрахань облысы, Володарск ауданында  қылмыскерлерге тиесілі деген «Газель» табылып, күдіктілердің біреуі құрықталған. 

Астраханьдағы полицейлерді өлтірген күдіктілер қатарында Қазақстан тумасы бар (фото, видео 18+)ТАБЫЛҒАН ГАЗЕЛЬ. ФОТО: ASTRAKHAN-24.RU

Аталған факті бойынша, ресми ақпарат әлі түспеді. Бірақ, Astrakhanpost.ru хабарлауынша, әлеуметтік желіге Астрахань полицейлерін өлтіріп жатқан сәт түсіп қалған. Түсірілім патруль машинасының бейнетіркеуішіне түскен. Кадрде қанішерлердің құқық қорғау ұйымының қызметкерлерін қалай өлтіргені көрінеді.

Назар аударыңыз! Видеода зорлық-зомбылық көрністері бар! Кәмелет жасқа толмағандар мен аяғы ауыр, психикасы әлсіз адамдарға көруге кеңес берілмейді!

Естеріңізге салсақ, сәуірдің 4 күні Госавтоинспекциясына «Газель» және  «Nissan March» көліктерінің Автозаправочный көшесінде соқтығысқаны туралы ақпарат түседі. Апат орнына № 1  ДПС батальонының автопатрулі жіберіледі.

Жол апатын тіркеп жатқанда, инспекторлар  көлік қақтығысын жасағандардың  шабуылына ұшыраған. Қанішерлер полицейлерге бірнеше рет оқ атып, табельді қаруды алып, оқиға орнынан із суытқан.  ГИБДД қызметкерлері жарақат салдарынан, жедел жәрдем көлігі келгенше қайтыс болды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз