Астанада белгісіз сөмкеге бола Абай даңғылын қоршауға алды

0
277

Астананың Абай даңғылын полицейлер қоршауға алды. Жергілікті тұрғын учаскелік инспекторға дүкенде белгісіз біреудің сөмкесі қалғанын хабарлаған. Бұл туралы NUR.KZ порталы Астана ІІД-не сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада белгісіз сөмкеге бола Абай даңғылын қоршауға алдыСӨМКЕ. КӨРНЕКІ ФОТО: ZTNEWS.COM.UA

Полицейлерге хабар сағат 15.20-да келіп түскен. Оқиға орнына полицейлер мен шұғыл әрекет ету қызметінің өкілдері келіп жетті. Сөмкені тінту кезінде одан күдікті ештеңе табылмаған. Қоршау тексеріс жүргізіліп болғаннан кейін сағат 16.08-де алынып тасталды.

Еске салсақ, бүгін таңғы уақытта полицейлер Астана темір жолындағы белгісіз қораптың салдарынан аяғынан тік тұрған болатын. Оны тексеру барысында да күдікті ештеңе табылмады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз