Шығыс Қазақстанда полицей ауыл тұрғынын атып өлтірді

0
287

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауылында болған атыс кезінде полицей ауыл тұрғындарының бірін атып өлтірді деп жазады жергілікті YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Шығыс Қазақстанда полицей ауыл тұрғынын атып өлтірдіҚАРУ. КӨРНЕКІ ФОТО: 112.UA

Тергеудің бастапқы нәтижелері бойынша, 2 сәуір күні полицей бауырын жәбірлегендерді ұстауға өз бетімен барып, қақтығыс кезінде біреуін атып өлтірген. Тағы екі адам оқ жарақатын алып ауруханаға жатқызылды.

ШҚО прокуратурасы берген мәліметке сүйенсек, 2 сәуір күні Үлкен Нарын ауылында 1985 жылы туған ер адамға 1990, 1980 және 1977 жылдары туған үш жергілікті тұрғын қарулы шабуыл жасайды. Жәбірленген адам Катон-Қарағай аудандық ішкі істер бөлімінде жұмыс істейтін ағасынан көмек сұраған.

Құқық қорғау ведомствосының қызметкері мен жәбірленуші шабуыл жасағандарды жергілікті техникалық қызмет көрсету станциясынан тауып алады. Қаруланған тұрғындар оқ ата жөнеліп, салдарынан полицейдің інісі жарақат алады. Сол кезде полиция қызметкері де атыса бастайды. Атыс кезінде 1980 жылы туған ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.

Тағы бір тұрғын ауруханаға жатқызылды. Үшінші қатысушы қашып кеткенімен, көп ұзамай ұсталыпты. Шабуыл жасаған ер адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сот алды тергеу ісі жүргізілуде. Полиция қызметкерінің әрекеті әуелі «қажетті қорғану шегінен шығу кезінде кісі өлтіру» бабы ретінде есептелгенімен, кейінірек «кісі өлтіру» бабына өзгертілді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз