Ресейдің тағы бір қаласында жарылыс болды

0
286

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында мектеп жанында жарылыс болды деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ресейдің тағы бір қаласында жарылыс болдыПОЛИЦИЯ. КӨРНЕКІ ФОТО: BAQ.KZ

Жедел қызмет өкілдері оқиға орнына аттанды. Нақтыланған ақпаратқа сүйенсек, төтенше жағдай мектеп жанында болған.

«№ 5 лицей күзетшісі мектеп аумағын аралап жүрген кезде жерде қалта шамына ұқсас зат жатқанын байқаған. Оны көтере бергенде, жарылыс болды», – деп жазады БАҚ.

Салдарынан ер адам бір саусағынан айырылды, сондай-ақ кеуде тұсын күйік шалған. Күзетші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған іске қатысты тексеріс жүріп жатыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз