Алматылық транссексуал халықаралық сұлулық байқауына қатыспақ

0
385

Қазақстандық транссексуал Айгерім Miss International Queen халықаралық сұлулық байқауында бағын сынамақ. Аталмыш байқауға жынысын ауыстырған ер азаматтар қатысады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Экспресс-К басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматылық транссексуал халықаралық сұлулық байқауына қатыспақMISS INTERNATIONAL QUEEN 2017 / NATIONMULTIMEDIA.COM

Транссексуалдың айтуынша, ол 12 жасында өзінің әйел болғысы келетінін сезіне бастаған. Айгерім университетте оқып жүріп, жынысын ауыстырмақ болғанда, психикалық емханадан тексерілуге мәжбүр болған.

Ота сәтті өтіп, бүгінде ол сүйіктісімен бақытты өмір сүруде. Өзі банкте жұмыс істейді. Шындықты білген ата-анасы одан бас тартқан.

«Біз барық туысқандарымызға сені өлді деп хабарладық. Тірі екеніңді байқатып, алдымызға келуші болма», – деген әкесі Айгерімге.

«Бойжеткен» бұл байқауға қатысу арқылы өзге транссексуалдарға шабыт сыйлағысы келеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз