Питердегі метроның инспекторы ойнап отырып террористі байқамай қалған

0
367

Акбаржон Джалилов Санкт-Петербургтің метросына еш кедергісіз кіріп кеткен. Полицей орнында болмаған, ал метро қызметкері ұялы телефон ойынына қызығып, лаңкесті байқамай қалыпты. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Фонтанкаға» сілтеме жасап хабарлайды.

Питердегі метроның инспекторы ойнап отырып террористі байқамай қалғанТЕРАКТІДЕН КЕЙІННГІ МЕТРО. ФОТО: СЕРГЕЙ КОНЬКОВ/ТАСС

Өзін жарған азаматтың жүріп өткен жерлерін жан-жақты зерттеген полицейлер метроның «Академическая» станциясына тоқтаған. Үшінші сәуір күні күндізгі уақытта метроға рюкзак асынған Джалилов кіріп келеді. Кіре берістен эскалаторға дейінгі аймақта оған ешкім мән бермеген.

Станцияда полицияның аға сержанты болмаған, оны көршілес станцияда есірткімен ұсталған азаматты тіркеуге алу үшін шақыртыпты. Нәтижесінде қауіпсіздікке жауапты ретінде метрополитеннің бақылау қызметі инспекторы қалған.

Джалилов рюкзагымен өткен сәтінде инспектор оған еш мән бермей ұялы телефонымен ойын ойнап отырыпты. Бұл жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Енді өз қызметіне жауапкершіліксіз қараған азамат жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, 2017 жылдың үшінші сәуірінде метрода жарылыс болып, 14 адам қаза тапқан еді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз