Семейде тағдыр азабын тартқан келіншек тамырларын тілгілеп о дүниеге аттанбақ болды (фото)

0
300

Семейде өмірдің соққысына шыдамаған 29 жастағы келіншек өзіне бір неше мәрте қол салуға бекінген. Тіпті, сол қолының тамырларын тілгілеп о дүниеге аттанбақ болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Семейде тағдыр азабын тартқан келіншек тамырларын тілгілеп о дүниеге аттанбақ болды (фото)

Сағыныш Қабаева, бұндай сұмдыққа адам төзгісіз тірлікке душар болғандықтан барғанын айтуда. Өйткені, жолдасы жұмыссыз қос баласы күнделікті бір үзім нанға зар болады екен. Ал ашқұрсақ балаларының жасын көргенде ана жүрегі шыдамаған.

Семейде тағдыр азабын тартқан келіншек тамырларын тілгілеп о дүниеге аттанбақ болды (фото)

«Бір-екі рет сірке суын ішіп өлейін деп жатқанда жолдасым «мені, ойламасан да екі баланы ойлашы деп» ұстап қалды. Олар, ел қатарлы не киімге, не ішер асқа жарымай жүр. Барлығын көшеден жинап әкелеміз. Ыдыс-аяқтарды да күл-қоқыстан алдық. Ас пісіретін ыдыстар елдің иттерінің алдында жатқан зат. Әкеліп жуып алдым. Жейтін тамақ болмай, аш жататын күніміз де болады. Жолдасымды ешқандай жер жұмысқа алмайды. Бәрі таныс арқылы кіреді ғой. Жақындарымнан еш қайыр жоқ», – дейді Сағыныш.

Семейде тағдыр азабын тартқан келіншек тамырларын тілгілеп о дүниеге аттанбақ болды (фото)

Ал өзінің ата-анасының озбырлығын еске алғанда Сағыныштың етегі жасқа толды. Жастайынан бұғанасы қатпаған бауыр еті баласына, туған әке-шешесі аяушылық танытпаған. Айтуынша, екеуі бірігіп соққының астынан алып отырған көрінеді.

Семейде тағдыр азабын тартқан келіншек тамырларын тілгілеп о дүниеге аттанбақ болды (фото)

«Олардың ойлағаны ақша ғана. Әбден соның сонында кеткен. Мен ата-анам үшін құл секілді болдым. Бар ойлары жұмыс істеп, ақша тапсам болды. Менің оқуыма да мүмкіндік бермеді. Мектеп қабырғасын әрең бітірдім. Сабақтан келсем тамақ бермейтін. Шөптің арасында анамнан тығылып екі тәулік бойы жататынмын. Енді, қайтып барғым келмейді. Менің бала күнімде көрген қорлығымды, ешбір дұшпаныма тілемеймін», – дейді Сағыныш.

Саяжайдағы көлік қоймасын баспана етіп тұрып жатқан отбасының тұрмыстық жағдайы ауыр.

Семейде тағдыр азабын тартқан келіншек тамырларын тілгілеп о дүниеге аттанбақ болды (фото)

Бес уақыт намаз оқып, ораза тұтатын Сағыныш Қабаеваның бар арманы қос баласын ешкімнен кем қылмай өсіру. Сондықтан, аш-жалаңаш жүрген балаларына қайырымды жандар қолдау білдірсе, дейді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз