Көп балалы отбасылардың жәрдемақысы депутаттардың жалақысынан 100 есе аз болып шықты

0
178

Депутаттардың жалақысының өскенін естіген көпшілік әлеуметтік желіде оған наразы пікірлерін жарыса жазуда. Олардың басым бөлігі еліміздегі әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, әйелдер мен балалар, жастар мен зейнеткерлердің мемлекеттен алатын жәрдемақысына көңілі толмайтындарын жеткізген.

NUR.KZ порталы еліміздегі халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына мемлекеттің қаншалықты көңіл бөлетінін саралап көрді.

Еліміздегі барлық базалық мемлекеттік жәрдемақылар ең төменгі күнкөріс деңгейін негізге алып есептелінеді.

2017-2019 жылдарға қабылданған бюджетке сәйкес

Мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақының мөлшері

бірінші топтағы мүгедектерге – 43 538 теңге,

екінші топтағы мүгедектерге – 33 999 теңге,

үшінші топтағы мүгедекке – 23 970 теңге.

Көп балалы отбасылардың жәрдемақысы депутаттардың жалақысынан 100 есе аз болып шықтыАсыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақы:

бір балаға – 21035 тенге,

екі балаға – 36444 теңге,

үш балаға – 45250 теңге,

төрт балаға – 47940 тенге,

бес балаға – 49652 теңге.

Алты немесе одан да көп балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1,61 тең үлесі  – 51609 теңге.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдер мен үй шаруасындағы әйелдерге бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшері (бірінші, екінші және үшінші бала үшін) 71270 теңгені құрайды. Ал төртінші және одан кейінгі балалар үшін 118 783 теңге беріледі.

Ал, еліміздегі кәмелет жасына толмаған төрт немесе одан көп балалары бар отбасылар ай сайын 9440 теңге (4,16 АЕК) алады. «Алтын алқа» (7 және одан көп балалары бар) және «Күміс алқа» (6 және одан көп балалары бар) аналардың ай сайынғы жәрдемақысы 14522 (6,4 АЕК) теңгені құрайды.

Еске сала кетсек, биыл күн көрістің ең төменгі деңгейі 24 459 теңге болып бекітілді. Зейнетақы 28 148 теңгені, базалық зейнетақы көлемі 12 802 теңгені құрайды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз