Танысының гей екенін естіген ШҚО тұрғыны оны пышақтап тастады

0
757

Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласының тұрғыны танысы гей деген сыбысқа сеніп, оны пышақтап тастады. Абырой болғанда жігітті дәрігерлер құтқарып қалған. Бұл туралы NUR.KZ порталы yk-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Танысының гей екенін естіген ШҚО тұрғыны оны пышақтап тастадыПЫШАҚ. КӨРНЕКІ СУРЕТ. ФОТО: LYNX-DEFENCE.RU

29 жастағы азамат танысы гей деген сыбысты ести салысымен, оның үйіне шындықты білуге барады. Зардап шегуші оған есікті ашып, құшақтап амандасқаны азаматтың күдігін еселей түскен. Ол оны итере салғанда, жігіт бұл әрекетін түсінбей, тағы да құшақтамақ болады. Ақыры ер адам шыдамай жігітті бір ұрған.

Төбелес өрши түсіп, үй қожайыны қорғану мақсатында асүй пышағын қолына алады. Алайда үркіту әрекеті нәтиже бермей, қарсыласы пышақты жігіттің өзіне сермеп үлгерген. Жігіт ішінен пышақ жарақатын алғанда ғана, танысы өзінің не істегенін ұғады. Ол бірден жарақатын таңуға көмектесіп, үйне кетіп қалған. Ал жағдайы нашарлай түскен зардап шегуші амалсыз жедел жәрдем шақыртыпты.

Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындап, ісіне өкінетінін жеткізді. Аудандық сот кінәлі азаматты төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз