Тұрғындарды жүк көлігімен таптаған өзбек жігіті арманына жеткенін мойындады (фото)

0
286

Сткогольмнің орталық көшесінде теракт жасап, жүк көлігімен адамдарды таптап өткен террорист Өзбекстан азаматы болып шықты. Рахмат Акилов 1978 жылы Самарқандта туған деп хабарлайды ca-news.org порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тұрғындарды жүк көлігімен таптаған өзбек жігіті арманына жеткенін мойындады (фото)РАХМАТ АКИЛОВ. ФОТО: CA-NEWS.ORG

Жүк көлігімен бейбіт тұрғындарды таптап өтіп, төрт адамның өмірін қиған Акилов өзінің бұл әрекетіне еш өкінбейтінін айтты. Террористің айтуынша, ол өз арманын орындаған.

Тұрғындарды жүк көлігімен таптаған өзбек жігіті арманына жеткенін мойындады (фото)РАХМАТ АКИЛОВ. ФОТО: CA-NEWS.ORG

«Тергеу барысында ол діттеген мақсатына жетіп, аталған әрекеті толығымен көңілінен шыққанын айтты», – деп жазады шведтің Expressen газеті.

Сонымен қатар, Рахмат Акилов өзін «Ислам мемлекетінің» (Қазақстанда бұл ұйымның жұмысына тыйым салынған – ред.) жақтаушысы екенін мойындады. Тергеу кезінде ол: «Сирияны бомбалауды тоқтатыңдар!», – деген.

Тұрғындарды жүк көлігімен таптаған өзбек жігіті арманына жеткенін мойындады (фото)РАХМАТ АКИЛОВ. ФОТО: CA-NEWS.ORG

Сткогольмдегі терактіде Швецияның екі, Ұлыбритания мен Бельгияның бір азаматы таза тапты. Он адам әлі ауруханада ем алып жатыр. Ал жақында ғана Санкт-Питербург метросын Қырғызстан азаматы Акбаржон Жалилов жарып жіберген болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз