ОҚО-дағы әкім өзі басқаратын ауданды «Голливудқа» айналдырмақшы (фото)

0
523

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев өзі басшылық ететін ауданды жаңа кейіпке енгізбекші. Ол үшін шенеуніктің көзі Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласында орналасқан «Голливуд» белгісіне түсіпті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ОҚО-дағы әкім өзі басқаратын ауданды «Голливудқа» айналдырмақшы (фото)САМАТ САПАРБАЕВ. ФОТО: NUR.KZ

Сайрам ауданында ОҚО әкімі Түймебаев мырзаның бастамасымен қолға алынған «Шатқал» бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Осы мақсатпен Машат асуында тағы бір шатқал бой көтерді. Бұл орынға 1200 түп ағашы отырғызылды.

Оның тең жартысы арша мен қараағаш болса, қалғаны шабдалы, алма және шие көшеттері. Жасыл желектің қаржысын ауданнан облыстық мәслихатқа депутат болып сайланған су жаңа халық қалаулысы Бекасыл Төлендиев өз қалтасынан шығарған.

ОҚО-дағы әкім өзі басқаратын ауданды «Голливудқа» айналдырмақшы (фото)АУДАН БЕЛГІСІ. ФОТО: NUR.KZ

Аудан әкімінің айтуынша, Сайрамда үш шатқал бой көтереді. Ал «Машат» шатқалында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықыралық жол жолаушылары үшін аяқты созып, бір сәтке демалуы үшін саябақ салынады. Тағы бір атап өтерлігі, ауданның кіреберіс тұсына бұрын-соңды облыста болмаған белгі қойылмақ.

Яғни, Голливудтағыдай белгіні енді Оңтүстік Қазақстан облысынан да көруге болады. Ауданға кіреберістегі асудағы қырда «Саялы Сайрам елі» деген жазу орнатылады. Оның ұзындығы – 38 метр, ал жазудағы әр әріп биіктігі 2,5 метр болады деп жоспарлануда.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз