Шетелдіктермен некелескен қазақстандықтарға жер берілмейтін болды

0
188

Шетелдіктермен некелескен қазақстандықтарға жер берілмейтін болды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев мәлімдеді деп хабарлайды 24.kz.

Мәжілісте заң жобасын таныстырған министрлік өкілінің айтуынша, шекаралық белдеу және шекара аумағында орналасқан жер телімдерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктердің үлесі бар компанияларға жалға беруге тыйым салынады. Яғни 1 пайыз болса да шетелдіктердің үлесі бар отандық компания мұндай мүмкіндіктен қағылады.

Ал шекаралық белдеуде орналасқан ауыл шаруашылығы жерлері жеке меншікке де, жалға да берілмейді. Алайда жергілікті халық сол жерлерге мұқтаж болса, онда жайылым, шабындық ретінде ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

«Мына заң жер комиссияның 11 шешімі бойынша дайындалған. Біріншіден, жер 5 жылдың ішінде ешкімге сатылмайды. Жеке меншік болмайды. Екіншіден, тек қана Қазақстан азаматтарына 49 жылға дейін жалға беріледі. Бергенде үкімет бақылайтын болады. Үшіншіден, әр ауылдың аумағында нақты радиустың ішінде жайылым жер ешкімге жалға берілмейді. Яғни амандық болса, малдың жайылымдық жері болады», – дейді Мұхтар Тайжан.

Бұдан былай бір адамға мыңдаған гектар жер берілмеуі қатаң қадағаланады. Осыған сәйкес, әр облыс, қала берді аудан көлемінде әрбір азаматқа жалға берілетін жер көлемінің шектеулі нормасы бекітіледі. Сонымен қатар, заң жобасы ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде ғана жалға беруді көздеп отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз