Қытай Димашқа 1-орынды бермесе де, ол біз үшін ЖЕҢІМПАЗ (фото, видео)

0
237

Қытайдың Чанша қаласында көптен күткен Singer-2017 байқауы мәресіне жетті. Өкінішке орай Димаш Құдайберген Гонконг әншісі Sandy Lam-ға жол берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұйырмаған жеңіс: Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауында екінші орын алды (фото)

Байқаудың финалында қазақстандық әнші қытайлық танымал әнші Шан Вэньцземен қосылып, Майкла Джексонның – Earth Song и Dangerous әнін орындаған.

Бұйырмаған жеңіс: Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауында екінші орын алды (фото)

Осы байқаудағы Димаштың басты қарсыласы – гонконгтық Sandy Lam болды.

Бұйырмаған жеңіс: Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауында екінші орын алды (фото)

Финалдың алдындағы рейтингте Sandy Димаштан небәрі 0,15 баллға озып тұрған.

Айта кетейік, жеңімпаздардың тағдырын көрермен залында отырған 500 адам шешті.

Бұйырмаған жеңіс: Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауында екінші орын алды (фото)

Олар ақыры жеңісті тартысқа толы бәскеде барлық кезең бойынша Димашпен теңбе-тең келе жатқан Sandy Lam-ға берген.

Финалдың трансляциясы Астана уақытымен сағат 20.00-де Қытайда басталды. Ал байқаудың қорытындысы шығып қойды.

Бұйырмаған жеңіс: Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауында екінші орын алды (фото)Еске сала кетейік, Димаштың даңқын асқақтатқан Қытайдағы Singer-2017 байқауы 21 қаңтар күні басталған. 14 кезеңнен тұратын байқауда қазақ баласы үнемі үздіктердің қатарынан көрініп, өзінің талантты екенін дәлелдеді.

Миллиардтардың жүрегін жаулаған Димаш «China Top music Awards» марапатының «Азияның ең танымал әншісі» атағын жеңіп алды.

Бұған қоса әнші 17th China Music Awards шарасында «Халықаралық деңгейдегі танымал әнші» жүлдесіне де ие болды.

Байқаудағы жеңілісіне қарамастан Димашты әлем таныды. Оның өнері мен ешкімге ұқсамайтын ерекше даусына Лара Фабиан мен атақты Джеки Чанның өзі таңданды. Тіпті, қазақ баласы танымал голливуд фильмінің саундтрегін де орындады.

Видео tengrinews.kz сайтынан алынған

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз