Атақты миллиардер қызының жүрегін жаулаған жігітке 180 млн доллар сыйламақшы

0
620

Гонконгтық миллиардер Сесли Чао қызы Джиджидің тұрмысқа шығып, немере сыйлағанын қалайды. Бұл үшін ол қызының жүрегін жаулаған жігітке 60 миллион доллар төлеуге де дайын екенін мәлімдеген деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қытай миллиардері қызының жүрегін жаулаған жігітке 180 млн доллар сыйламақшыТаңғалатын боларсыз, бірақ бай қайын атаның ұсынысына ешкім жауап бермеген. Амалы таусылған миллиардер сыйлық құнын 180 миллион долларға көтерген. Өкінішке орай, Сеслидің қызы әлі тұрмыс құрмады. Себебі, Джиджи қыздарды жақсы көреді.

Қытай миллиардері қызының жүрегін жаулаған жігітке 180 млн доллар сыйламақшыҚытай миллиардері қызының жүрегін жаулаған жігітке 180 млн доллар сыйламақшы

37 жастағы Джиджи ер адамдардың өзіне қызық емес екенін ашық түрде жазады. Оның үстіне ол өзінің екінші жартысын кездестірген. Оның есімі— Шон Ив (Sean Eav).

Қытай миллиардері қызының жүрегін жаулаған жігітке 180 млн доллар сыйламақшы«Сенің қызың ретінде мен сені бақытты қылуды қатты қалаймын. Өкінішке орай, сенің мен жайлы арманың шынайы өмірмен сәйкес келмейді«,— деп жауап жазған әкесіне.

Қытай миллиардері қызының жүрегін жаулаған жігітке 180 млн доллар сыйламақшыАқыр аяғында Сесли Чаоға қызының таңдауына көндіккеннен басқа амал қалмады. Бірақ, немере сүюді қалаған әке туған қызының лесби екенін қабылдай алмаған. Қазір олар мүлдем араласуды қойған

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз