Шешенстанда «қызтекелерді» жаппай қырып-жойып жібермекші

0
184

Ресей Федерациясы Чечен Республикасындағы шиеленіс халықаралық дауға ұласты. Чечняда гейлердің (бір жыныстылардың) бәрін қырып-жою операциясы басталған. Тіпті оларды азаптап өлтіруге арналған «құпия түрме» ашылған. Ал тірі қалған «қызтекелер» елден қашып, Еуропа мемлекеттерінен пана сұрап отыр,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі шетелдік ВВС-ге сілтеме жасап.

Шешен басшысы Рамзан Қадыров бұл ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен де ол:

— Алла сені ер ғып жаратты, еркек бол, демек. Әйел ғып жаратса, әйел бол. Басқаға жол жоқ,-деген ойын ашық айтты отандық арналардың бірінде.

Куәгерлердің айтуынша, Шешен астанасы Грозныйда жергілікті гейлер тым еркінсіп кеткен. Пәтер жалдап, бір-бірлерімен қатынасқа түсуді үдете түскен. Сондай видеолардың бірі Рамзан Қадыровқа жеткізілген. Ашуға булыққан Қадыров «мына шайтандарды құртуға бір апта уақыт берем»-деген. Содан «Намысты қорғау» операциясы басталған. Ал азаптап өлтірілген «гейлердің» туған-туыстары биліктің бұл қадамын қолдаған.
Шешенстандағы адам құқығын қорғау кеңесінің мүшесі Хеда Саратова айтуынша, «бұндай адамдар азапталып жатса да, шешен қоғамы түсіністікпен қарайды»,-деген.
ВВС басылымы Шешенстанда гейлерді жойып жатқанын растайтын виде-фото материалдар ұсынған. Тіпті қашып, «тірі қалғандармен» сұхбат ұйымдастырған.
Адам құқығын қорғайтын Amnesty International ұйымы, ОБСЕ, бірқатар еуропалық мемлекеттер бұл іске Владимир Путиннің араласуын және бұндайды тоқтатуын сұраған.
Дегенмен, Путиннің өзі болса, әзірше ләм-мим деген жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз