Назарбаев Димашқа өз батасын берді

1
136

Нұрсұлтан Назарбаев

Президент Димаш Құдайбергенді қабылдады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Құдайбергенмен кездесіп, өз батасын берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына сәл кешігіп қалды.

«Димаш Құдайберген деген баламызды қабылдап, батамды беріп, кешігіп қалдым сіздерге», — деді Мемлекет басшысы.

«Батамды беріп, қазақ деген халық өте қатты жақсы көргесін, құшағына қысып, өлтіріп жіберуі мүмкін. Содан сақтан дедім», — деді Назарбаев.

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген «Singer-2017» байқауы барысында Қытайда аса танымал болды. Үш айға созылған ән додасында Димаш 14 кезеңді сәтті бағындырып, екінші орын алды. Байқау барысында ол бірнеше марапатқа ие болды. «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық деңгейдегі танымал әнші» жүлдесін иеленді. Сондай-ақ Азиядағы ең беделді China Top music Awards сыйлығының «Азияның ең танымал әншісі» номинациясында жеңіске жеткен болатын.

1 Пікір

  1. Алла қазақтың қос перзентіне де ғұмыр берсін! Бабалар үрдісі ғой бата беру деген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз