Жынысын ауыстырған дағыстандық жігітті әкесінің рұқсатымен айуандықпен өлтірді

0
147

Жынысын ауыстырған дағыстандық жігітті әкесінің рұқсатымен айуандықпен кескілеп, өлтіріп тастады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Дағыстандық тұрғын Адам Алиев өз жынысын ауыстырып, Раина атты қызға айналады. Сонымен бірге ол некесін қидырып, тойдан кейін өз сүйіктісімен бірге тұрады. Бірнеше күннен кейін әкесінің рұқсатымен оны айуандықпен кескілеп, өлтіреді. 25 жастағы Адам Мәскеу қаласына жұмыс барысымен кеттім деп, өз жынысын ауыстыру үшін операция жасайды. Ол өзінің Виктор атты ғашығы үшін жынысын ауыстырған. Қос жұп Дағыстанда тойларын жасап та үлгерген.

Осы тойдан кейін әкесі тележурналисттерге былай деп сұхбат береді: «Мейлі, өлтіре берсін. Осында алып келіп, менің көзімше өлтіріңдер».

Ресейлік БАҚ өкілдерінің айтуынша Раина полиция қызметкерлеріне өзін өлтіреміз деп қорқытып жүргенін ескерткен екен. Адам Алиевтің ұлты шешен, Дағыстандағы мұсылман отбасында дүниеге келген.

«Оның қыз сияқты қылықтары үшін бәрі жек көретін. Мен оны танитынмын. Ол жабысып тұратын киім кигенді ұнататын. Оның жүріс-тұрысы да, тіпті дауысы да қыз сияқты болды. Ол мектеп бітіргеннен кейін Махачкалада тұрды, сосын Мәскеуге түнгі клубта жұмыс жасады. Оның ол жердегі табысы да жақсы еді. Мен оны кінәлай алмаймын. Оның бойындағы табиғаты жеңді де, ол қателікті жөндеу үшін жынысын ауыстырды. Бірақ Кавказдағы кез-келген жігіт оны өлтіргісі келетін. Біздің дәстүр бойынша, бұл жағдай оның отбасы үшін де, бүкіл Кавказ үшін де абырой әкелмейді»,- деп еске алады танысы Абдутагур Израпилов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз