Алматылық кәсіпкер көз-жасын төгіп, жанайқайын айтқан қызға үй сыйламақшы

0
231

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен қыз балаға Алматыдағы кәсіпкер үй сатып алып беруге уәде етті. Қыздың жанайқайын жеткізіп жылағаны көпшіліктің көңілін босатқан. Үйі мен кітаптарынан айырылған қызға көмектескісі келетіндердің қарасы көп. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Диапазонға» сілтеме жасап хабарлайды.

Алматылық кәсіпкер көз-жасын төгіп, жанайқайын айтқан қызға үй сыйламақшыҚЫЗ БАЛА. ФОТО: ВЛАДИМИР ЗОБЕНКО/DIAPAZON.KZ

Ақтөбеде тұрып жатқан үйі тасқыннан күл-талқан болған 10 жастағы Махаббат Ешімова билікке жылап тұрып жанайқайын жеткізген болатын. Оның көзіне жас алған сәті көпшіліктің жүрегін елжіреткен. Қолы ашық жандар қыз балаға көмектесуге асықты.

Мәселен, әнші Меруерт Түсіпбаева бірінші мамыр күні Ақтөбеге ұшып барып, тасқыннан зардап шеккендердің құрметіне тегін концерт беретінін «Диапазон» тілшісіне мәлімдеді.

Ал танымал алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген Махаббатты жаңа үймен қуантпақ.

«Басында Махаббатқа әдемі үй сатып алуды жоспарлағанбыз. Кейін оны ұзақ күттірмей жақсы екіқабатты үй сатып алып беруді ұйғардық. Біз үлкен 109 шаршы метрлік үйді таңдаған едік. Соны сатып алып, Махаббаттың отбасына сыйлағымыз келеді. Жиһаз, кір жуатын машина, теледидар және өзге техниканы да алдық. Алайда әкімдік үйді өзенге жақын деп алуға рұқсат етпеді. Енді біз басқа үй іздеп жатырмыз. Істі соңына жеткізіп, балақайға ыңғайлы үй сыйлаймыз», – дейді кәсіпкер.

Бүгінде Махаббат Ешімова отбасымен жалдамалы пәтерді жағалап жүр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз