Астанада еркектердің стриптизі жоғары сұранысқа ие болып тұр

0
139

Астанада әйелдер стриптизінің күні өтіп барады. Эротикалық би арқылы жалаңаштану индустриясы стринг киген жас жігіттердің иелігіне өте бастады. Себебі сұраныс тым жоғары, деп хабарлайды «NewTimes.kz» порталы.

Елорданың мерекелік кештер ұйымдастыру агентіктерінде бас қаланың жас қыздары батыс үлгісіндегі қызойнақ өткізуді әдетке айналдыра бастады дегенді айтады. Әдеттегідей мұндай шараларға қымбат мейрамханалардағы караокесі бар VIP бөлмелер жалданады және алдын ала безендіріледі. Дастарханға бағалы тағамдармен қатар ішімдік қойылады. Мерекенің басты сәні әрине тұрмысқа шығатын қыз бен оның құрбылары. Ал кештің барлық шығынын құрбылар өтейді.

Мұндай ерекше отырыстардың құны тапсырыс берушінің қиялына байланысты. Өйткені кейбірі лимузин сұратады. Ал басқасы ерекше безендіруге баса мән береді. Орташа есеппен 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін барады. Қаланың event-агенттігіндегілердің айтуынша, мұндай кештердің 80 пайызында қыздар стриптиз билейтін жігіттерге тапсырыс береді екен. Қысқасы стринг киген еркектер Астананың ерекше кештер нарығын жаулап алған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз