«Шымкент «Ш»-ға жақын ғой»: Назарбаевтың Шымкент туралы әзілі желіні жарды (ВИДЕО)

0
770

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары барысында өзінің саясатын үнемі қолдап отыратын халыққа алғысын айтып, оңтүстікқазақстандықтарды ерекше ағайынға теңеді. Тіпті аймақты үш «ш» әрпімен басталатын сөздермен атайтынын да мәлімдеді, деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарында xалықпен кездескен елбасы Қазақстанның бүгінгі жетістігі ауызбіршіліктің арқасында екенін атап өтіп, үнемі саясатын қолдап отыратын оңтүстікқазақстандықтарға алғысын білдірді.

«Қабілеті болу үшін алдымен білім болу керек. Қазақ балаларын оқытуға әр уақытта ынталы. Оқыған адам, білімді адам әр мамандыққа ауысып кетуге ыңғайлы… Құрметті ағайын, біз көп ұлтты мемлекетпіз, солармен ауызбіршіліктің арқасында ешкімнің құқықын төмендетпей, тіліне, дініне қарамай бәріміз бір ұлт деп отырғанның арқасында осындай жетістікке жетіп отырмыз. Ассамблеямен кеше де, бүгін де кездестім, менің саясатымды ылғи қолдап келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облысына шын жүрегіммен ризашылығымды келген сайын білдіремін», – деген мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысын қалай атайтынын да айтып берді.

«Ерекшелігі бар ағайынсыңдар ғой енді… Мен облысты үш «Ш»-мен айтамын. «Шырайлы Шымкент шаһары!». «Ш»-ға жақынсыңдар ғой жандарың…» деген президент әзіл қалжыңымен залға жиналғандарды күлкіге батырды. Бұл сәтті ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев ұтымды пайдаланып, тағы бір «ш»-ның барын, алайда оны айту қиынға соғатынын жеткізді.

«Жұмыс көп алда, оны халық түсініп, идеяны халық қабылдамаса ол іске аспайды. Сіздер осының барлығын қолдайды деп сенемін, сондықтан да баршаларыңызға шын жүрегіммен зор денсаулық, береке-бірлік тілеймін. Жанұяларыңызға, жора-жолдастарыңызға менен дұғай сәлем айта барыңыздар», – деп жиынды қорытындылады мемлекет басшысы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз