Мас күйеуін пышақтап өлтірген 29 жастағы көпбалалы ананы көпшілік жақтап отыр

11
332

Оңтүстік Қазақстан облысында сегіз жылға сотталған Әлима Үсенованың артында бес бірдей баласы қалды. Өзін қорғамақ болып, ішімдік ішкен күйеуіне пышақ сермеген көпбалалы анаға сот осындай қатаң үкім шығарған. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Мас күйеуін пышақтап өлтірген 29 жастағы көпбалалы ананы көпшілік жақтап отырӘлеуметтік желілерде жазаға қатысты пікір білдірушілер легі толастар емес. Әсіресе, әйелге жаны ашыған пікірлер жағы басым.

Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты күйеуінің жүрек тұсына пышақ сұғып өлтірген 29 жастағы бес баланың анасын 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Мас ерінен қорғанған анаға қатысты жазаны тым ауыр деушілер әлеуметтік желіде пікірлерін жарыса жазуда. Көпшілік істің қайта қаралғаны жөн деп есептейді.

«Сот әділдікпен шешу керек! Бес баланың обалына қалмаңдар, шешесі болмаса олар кімге керек! Осы жынды судың кесірінен талай еркек не істеп не қойғанын білмейді, нәзік әйел жанды ұрып-соғып, қыз баланы зорлап жатады! Босатылсын Алима! Балаларын тәрбиелесін!»

«Педофилдер, машинамен адам өлтірген байлар, миллиондап пара алғандар босап шығады да, өзін қорғаған жазықсыз әйелге 8 жылды қалай ұялмай берді екен?»

«Əйелді ақтау керек, 5 баланы тірі жетім қылмай. Əдейі өлтірген жоқ қорғанам деп абайсызда өлтіріп алды ғой. Істі қайта қарауды сұрау керек көпшілік болып», – деген сынды пікірлер көптеп жазылуда.

Жаңа жылдық кеште қонақтарды күтумен болған ерлі-зайыпты арасында, бәрі тарқаған уақытта кикілжің туындаған. Осы кезде бес баланың анасы Әлима Үсеноваға мас болған ері күш көрсете бастаған.

Сөзінше, соққыдан қорғанып, қорлыққа шыдамаған ол күйеуіне пышақ сілтеген. Азамат оқиға орнында қайтыс болып, бес баланың анасына төрт айдан соң қатаң үкім оқылды.

11 ПІКІРЛЕР

  1. Ким биледи? Мына келиншек корганбаса озин олтирип коюы мумкин бе еди? Судьялардын бастары истесе анага кеширим беру керек еди гой. Артында калган 5 баланы ким асырайды, ким мейирим тогеди. Канша жерден жаксы болсын жаман болсын балалар ушин туган анасынан артык ешким жок.Огейликтин дамин сездирмей Анасын босатсаныздаршы. Ен болмаса шартты турде сотталсын да.Адейи олтирген жок кой. Турине карасаныздаршы ,соншалыкты катигез адамга уксамайды гой.

  2. əйел адамды босатса екен, бес баланың обалына қалмаңыздар! қасақана жасалған қылмыс емес қой! Педафилдерге келгенде неге біздің сот гумманный бола қалады,ең ауыр жаза сол азғындардікі ғой! байғұс əйелді босатыңыздар, келешек бес баланың тағдырын бұзбаңыздар!

  3. Биздин когам не болып баражатыр Балаларды айандаршиш Жазасын шарты турде уйинде отесин Кайта сотка апелатсиялык шагым тусириу керек Сот кайта Карасын бул исти

  4. Сот қайта қарау керек мұны. Не деген сұмдық? Балаларды ойлады ма екен үкім шығарғанда. Пәленбай миллион пара алған адам босап шығады. Көлігімен мас күйінде адам өлтіргендер «абайсызда» деген сылтаумен босап шығады. Ал мұнда қу арақтың кесірінен шынымен абайсызда адам өлімі орын алған. Балаларға өз анасындай кім қарайды? Тем более кішкентайы емізулі екен. Мен қолдаймын. Істі қайта қарау керек.

  5. Сұмдықкой.Неге бұл шешімге келді біздін әдлетті сот қызметкерлері.Шыңымең айтса ол не істеу керек еді жанына батқан шығар.Шыдамнында сұрауы бар.Балаларды ойламаған бөтелкемен жолдас болған күйеі әбден шаршатқан ғой.Тым бомаса условный беруге боладығой.Неге осы жоғарыда немесе ақшаға бай адамдар қылмыс жасаса оларды өйтіп жазаламайсыщдар.өздерінді сол әйелдін орнына қойып көрсендерші.Балардын көз жасы жібермейдіғой.

  6. Бес баланың тағдырын ойласаңдаршы.олардың жанына бедеу болатын анасы керек.босатылсын.

  7. Əділдік емес. Сотты қайта қарау керек. Өзін жəне баларын қорғаймын деп ойлады ғой. Əдейі істелген қылмысқа жатпайды.

  8. Əлиманы босату керек балалардың болашағы не болады СОТ ҮКІМІ ДҰРЫС ЕМЕС ЖОЛДАСЫ АРАҚ ІШСЕ ӨЗІ КІНƏЛІ БАЛАЛАРДЫ ОЙЛАМАЙ АНАЛАРЫН ҰРЫП СОҒЫП ЖҮРГЕН ҒОЙ СОСЫН АШУМЕН БАЙҚАУСЫЗДА ҚОРҒАНАМ ДЕП ӨЛТІРДІ ƏДЕЙІ ӨЛТІРМЕГЕН ҒОЙ ҚОРҒАНУҒА ҚҰҚЫСЫ БАР ҒОЙ ƏЙТПЕСЕ ƏЛИМАНЫ ӨЛТІРЕТІН ЕДІ ƏБДЕН ТАЯҚ ЖЕП ЖҮРГЕН СОҢ АШУ БАР ҒОЙ.СОНДЫҚТАН ƏЛИМАНЫ БОСАТСЫН БАЛАЛАРДЫ ТІРІ ЖЕТІМ ҚЫЛМАЙ ЕРТЕҢ ОЛАРДЫҢ ӨМІРІ НЕ БОЛАДЫ ЕР ДЕТІП БОЙ ЖЕТКЕНДЕ СОНЫ ОЙЛАҢЫЗДАР.

  9. әйелдің өзін және балларын қорғағаны дүрыс,екер олай істемесе 6адам өлер еді,сот қайта қаралү керек.қасақана емес,оқйаттан болған жағдай,5 баланің өмыры ойландырса,анасын аирмаңіздар,әкесіз жетым жетым емес,нағыз жетым ансыз!

  10. Адилдик кайда???Кайта каралсын сот. 5бала оз анасынан баска кимге керек.? касакана киси олтиру емеской. Казыр неше турли кобип кеттигой сол жаман судын кесиринен… Ол еркек ози виноват. Кайта каралсын. Биздин жазганымызды ескерсе екен…

  11. Ой Аллам сот шешими мулдем дурыс емес копшилик айткандай 5 баланын коз жасы жибермейди,адилетсиз шешилген шешим бул ен гурмаса условна бермедима сол 8 жылды босатылсын,кайта каралсын сот адилсиз шешилген!!! Ен алдымен 5 баланын тагдырын ойлау керек анасы корганбаса алкаш акеси балаларында олтирермеди. Сот адил шешилмеген

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз