Қырғыз әйелін балаларымен қоса Қазақстанға 60 мыңға құлдыққа сатып жіберген

0
140

Қырғыз әйелін екі қызымен бірге Қазақстанға 60 мың теңгеге құлдыққа сатып жіберген деп жазады Turmush басылымы. 2006 жылы Ноқат ауданы Қара-Көкту ауылының тұрғыны жергілікті отбасыны алдау жолмен Алматы облысының Қарабұлақ ауылына алып кеткен.

Қырғыз әйелін балаларымен қоса Қазақстанға 60 мыңға құлдыққа сатып жібергенКӨРНЕКІ ФОТО: SPUTNIKNEWS.KZ

«Олардың құжаттарын көрші ел (Қазақстан) азаматтарына беріп, 60 мың теңгеге жуық ақша алған (2006 жылғы мамырдағы теңгенің бағамымен 12 600 сом). Алдын ала болжам бойынша, отбасы аталған сомаға құлдыққа сатылған», — деп жазады басылым жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып.

Құлдыққа сатылған әйел 2006 жылы 34 жаста, үлкен қызы —10 жаста, кішісі —1 жаста болған.

Басылымның атап өтуінше, Ош облысының ІІБ отбасын құлдыққа сату дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Отбасының тағдыры белгісіз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз