Астанаға Тайсон, Мейвезер және Мұхаммед Әлидің қызы келеді

0
123

Астанада WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) конвенциясының жалауын ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушының штаб-пәтерінде сақтау үшін тапсыру рәсімі өтті. Осылайша, WBC конвенциясының мерейтойлық 55-ші конвенциясы көрме кезінде Астанада өтетін болады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Астанаға Тайсон, Мейвезер және Мұхаммед Әлидің қызы келедіМАЙК ТАЙСОН. ФОТО: SPUTNIKNEWS.KZ

Бұл шара 25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 500-ге жуық делегат қатысады, олардың арасында әлем чемпиондары және чемпиондыққа үміткерлер, белгілі меценаттар, менеджерлер мен промоутерлер бар.

«WBC басшылығы Астанаға келуге ықылас білдірген боксшылардың үлкен тізімін жіберді: Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо, Майк Тайсон, Мұхаммед Әлидің қызы Лейла. WBC белдігін алған чемпиондар, олардың ішінде, әрине, Геннадий Головкин бар.

Бұл кезде ол өзінің жекпе-жегіне дайындалатын болса да, біз оның Астанаға келуі үшін келіссөздер жүргізе береміз», — деп атап өтті Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекқожин.

Конвенция аясында қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Ол ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында ұйымдастырылады.

Кештің басты оқиғасы WBC версиясы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек болмақ, ол қырықтан астам елде көрсетілетін болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз