Депутаттар тұратын үйдің алды заңсыз тұраққа айналған

0
126

Елорда тұрғындарының жұмысқа барар уақыты өзгергелі жатыр деп хабарланған болатын. Астана әкімдігі осы арқылы қаладағы көлік кептелісін азайтпақшы. Енді астаналықтар таңғы тоғызда бір мезетте жұмысқа бармайды.

Депутаттар тұратын үйдің алды заңсыз тұраққа айналғанСКРИНШОТ: КТК АРНАСЫ

Кептеліс тудырмау үшін тұрғындардың уақыты кезең-кезеңге бөлінбек. Кестенің қалай боларын әкімдіктің әзірге өздері де білмейді.

Көлік тығынын азайту үшін бұған дейін шенеуніктер оқушылардың сабағын таңертең 7-ден 40-кеткенде бастап көрген. Бірақ, бұл бастама сол күйі аяқсыз қалды.

Жұмыс кестесін ауыстырудан бөлек, Астана әкімдігі қозғалысы көп Есілдің сол жағалауындағы Мәңгілік ел, Достық пен Қонаев көшелерінің қиылысында жол айрықтар салмақшы.

Осыны естіген депутаттар  үйлерінің алды заңсыз автотұраққа айналғандықтан жұмысқа жету қиындап кетті деп өкпелерін айтты. Бір қызығы, олар тұратын «Нұрсая» кешені  Парламентке таяқ тастам жерде тұр.

«Баяғы жартас сол жартас». Тіпті басқа жерді айтпағанда парламенттік тұратын үйімізге кіре алмаймыз. Машиналар қаптап тұр», – дейді сенат депутаты Серік Ақылбай.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз