Полицей әйелді ұрып-соққан ер адамның туған әкесін өлтіргені анықталды

0
179

Алматыдағы мектеп алаңында полицей әйелді ұрып-соққан ер адам өз әкесін өлтіргені үшін сотталған, – деп хабарлайды Patrul.kz сілтеме жасап NUR.KZ.

Полицей әйелді ұрып-соққан ер адамның туған әкесін өлтіргені анықталдыАйтуынша, әкесі теледидардың пультін сұрағаны үшін ол оны өлтіріп тастаған. Ким бұл қылмысы үшін 2 жыл 7 айға сотталған. «Ким 2007 жылы кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тергеу барысында оның психикалық ауытқуы бар екені және соттың оған медициналық сипаттағы мәжбүрлі шара қолданғаны белгілі болған. Осыдан кейін ол Ақтастағы республикалық психиатрлық ауруханаға жатқызылған», – деп хабарлады Алатау аудандық проукурор Ерлан Меңдешев.

Ер адам Ақтас ауылындағы психиатрлық емханада үш жылға таяу уақыт болыпты, айта кетсек, осы емханада адамжегіш Николай Жұмағалиев өмір сүріп жатыр.

Ер адамның айтуынша, полицейдің әрекеті оны ызаландырған, сөйтіп ол басымен ұрған, кейін жұдырығымен бетіне соққы жасай бастаған. Әйел құлаған кезде аяғымен ішінен тағы да бірнеше рет соққы жасаған. Мұнымен қоймай, ол полицей әйелді шашынан тартып, бетіне тізесімен соққы жасапты.

Айта кетейік, Ким қазіргі уақытта екі айға қамауға алынған, бұл уақыт бойы ол тергеу изоляторында болады. Сонымен қатар, Кимнің қылмыстық әрекеті кезінде әйелге көмекке келмеген дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты шара қабылдануы мүмкін.

«Мұғалімнің ісі білім беру бөлімінің деңгейінде қарастырылады, қандай да бір тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдануы мүмкін«, – деп мәлімдеді Меңдешев.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз