Алтын унитаз ғана жетпей тұр: Астаналықтар әуежайдың жаңа VIP терминалын сынға алды (фото)

0
214

Астана әуежайындағы жаңа VIP терминалдың фотолары жарияланғаны сол-ақ еді, тұрғындар оның сәулетшісін сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Алтын унитаз ғана жетпей тұр: Астаналықтар әуежайдың жаңа VIP терминалын сынға алды (фото)Астана тұрғындарына жаңа терминал жақпай қалған.

«Алтын унитаздар ғана жетпей тұр», Бұл кесене ме, мейрамхана ма?», «Іші мешіт сияқты», – деп күйінді астаналықтар.

«Ешқандай жаңашылдық, технология мен әлемдік трендтерді дизайнынан байқап тұрған жоқпын. Тек еденге дейін жететін люстра ғана жетпей тұр. Фасадына кириллицаның не қажеті бар?», – дейді журналист Шолпан Али.

Алтын унитаз ғана жетпей тұр: Астаналықтар әуежайдың жаңа VIP терминалын сынға алды (фото)

Астаналықтар ЭКСПО-2017 көрмесі өткесін, терминалды мейрамхана немесе театрға айналдырады деп әзілдеуде. Тіпті кесене немесе пантеонға айналуы ғажап емес дейді олар.

Тұрғындар жаңа ғимарат мүлде әуежай бөлігіне ұқсамайтынын алға тартып отыр.

«Тойхана ма, әлде әкімдік пе?», «Элиталық әжетхана», «Қымбат ауыл әкімдігіне ұқсап қалған», «Ауылдағы орта ғасырлық мешіт секілді», – дейді астаналықтар.

Олар заманауи әуежайды салуда Бакуден үлгі алу керектігін жарыса жазып жатыр. 

Алтын унитаз ғана жетпей тұр: Астаналықтар әуежайдың жаңа VIP терминалын сынға алды (фото) 

Алтын унитаз ғана жетпей тұр: Астаналықтар әуежайдың жаңа VIP терминалын сынға алды (фото)Еске салсақ кеше Астанадағы белді шенеуніктерге арналған жаңа VIP-терминалдың фотолары жарияланған болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз