Айдана Меденова алаяқтықтың құрбаны болды

1
403

Айдана Меденова өз қызметкерінің арбауына түсіп қалды. Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

меденова 040517

Алматы қаласында Меденованың бір емес, екі бірдей сұлулық салонының бар екенін жұрт жақсы біледі. Әнші әр салонына жеке-жеке парақша ашып қойған. Онысын үнемі өз парақшасында жарнамалап та жүреді. Алайда жуырда бір алаяқ Меденова салонының парақшасын бұғаттап, артынша сатып жіберген. Осылайша оңай олжаға кенелуді көздеген.

Айдана алаяқтың кім екенін тауып алды. Өкініштісі, әнші-кәсіпкерді сатып кеткен – өзінің қол астындағы қызметкері болып шықты.

“Ақырында менің @aidanamedenova_beauty2 парақшамды бұғаттап, сатып жіберген адамды таптым. Ол менің салонымның командасында жұмыс істеген адам болып шықты, шамасы бұл туралы ешкім білмей қалады деп ойласа керек-ті. Жалпы мен кекшіл адам емеспін, бірақ бұл адам жазасын алуы тиіс деп ойлаймын. Әлде оның деңгейіне дейін түсудің қажеті жоқ па? Қалай ойлайсыздар?” – деп жазады Айдана Меденова.

Бұған желі оқырмандары түрлі пікірлерін қалдырды. Кейбіреулер алаяқты жазалау керектігін айтса, ендігілер кешіре салуға кеңес берді.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз