Жұлдыздар отан алдындағы борышын өтеуден неге қашқандарын түсіндірді (фото)

0
327

Алда «Отан қорғаушылар» күні жақындап қалды. Бұл ретте Stan.kz өнер адамдарынан әскерге барған не бармағандарын сұрап көрген еді.

аскерге бармаган аншілер

«Жігіттер» тобындағы Бағлан Әбдірайымов әскерге бармаған. Ол жөнінде ойланбапты да. Өйткені, ЖОО-дан алған бір жапырақ қағазы бар.

18162216_1359221740790391_2258676262484574208_n

«Әскерге бармадым, шынымды айтсам ол туралы ойламаппын да. Өйткені, М.Әуезов атындағы университтетте оқып жүргенде әскери кафедраны бітіргем. Одан кейін өнер жолына түскеннен кейін әскери өмірді, әскери күндерді ойлайтындай уақыт болған жоқ. Ойымда да болған жоқ», – дейді әнші.

«Диета KZ» тобындағы Жасұлан Базарбаев болса әскерге бармағанына өкінбейді. Ол денсауылығын сылтаурап отыр.

диета кз 050517

«Менде бүйрегіме байланысты, денсаулығыма байланысты алмайды, өкінгенде бала кезде өкіндік. Енді қазір өкінгенмен не пайда? Жасымыз 30-дан кетті. Енді аламын десе де бармайсың ғой. Қайда барасың мынадай денемен? Қазір ана жерге жүгіріп асханаға бар десе де бармайсың ғой», – дейді Жасұлан.

Еріншек өнер иелерінің қатарында Мақсат Базарбаев та бар. Отан алдындағы борышын өтеуге уақыты болмаған әнші халыққа өнеріммен қызмет етудемін дейді.

18298952_1464919206898968_3348427761764007936_n

«Әскерге баруға уақыт болмады. Оқудан кейін жұмыс бастап кеттік. Сол біздің әскеріміз халыққа жұмыс істеу ғой, жақсы әндер жазу», – деп ақталды ол.

Ал «Өнер қырандары» театрының мүшесі Мадиярдың «заманында» әскерге тек ақшалы азаматтарды алатын болыпты.

hqdefault

«Әскерге бара алмадым. Бірақ әскерге баруға қанша рет талпындым, сол себептен де оқуға кеш түстім. Жыл сайын әскерге барамын деп қала бердім. Негізі әскери адам болам деп армандағам. Салмағым мен бойым сәйкес келмеді. Келесі бір жылы ауырдым. Ол кезде әскерге бару үшін де қаражат керек-тін. Енді сол кезде ақшасы бар, денсаулығы сақадай сай жігіттер кетіп жатты», – дейді пародия актері.

Ал Асхат Тарғын запастағы офицермін деп мақтанды. Бірақ ол да әскери өмірді көрмепті. Әке-шешеме қарайластым деп ақталды Тарғын.

Асхат Таргын 160317

«Әскерге барған жоқпын. Әскерге баратын кезде ата-анама көмектестім, ауылда болдым. Мен баратын кезде ағам әскерде, ал үлкен ағам ауылда жұмыста болды. Содан не керек, үйдің кенжесімін. Ата-анам ауылда, үйде мал шаруашылығымен айналыстық. Малға қарайтын адам болған жоқ. Соларға қарасып ата-анамның қасында болдым», – дейді Асхат Тарғын.

Нұржан Керменбаев майтабан болғандықтан әскерге қабылданбаған.

17933974_209910572841465_833225643993858048_n

«Мені майтабансың деп әскерге алмады. Бірақ одан да басқа себептер болды. Оның үстіне қазір жасым да келді, ұлым бар. Қазір отбасымда табыс табар да, барлық жағынан қамқоршы боп отқан адам өзім», – деді Нұржан ер азаматтың ата-ана, отбасы алдындағы міндетін «міндетсініп».

Ал әнші Жұбаныш Жексен өмірдің өзі үлкен әскер дейді. Ер азаматты әскер емес, өмірдің өзі еркек етеді деген ұстанымда ол.

17662665_815522108656919_7533326346026483712_n

«Жоқ маған өмірдің әскері де жетеді. Бүкіл өмірім – әскер менен соғыс. Сол жаңағы әскердегі 2 жыл тәртіпке немесе өмірге өмір өзі-ақ үйретеді деп ойлаймын. Мәселе кім қалай үйренеді соған байланысты», – дейді әнші.

Ал әнші Айқын мен Ерлан Орынбасаров запастағы офицер көрінеді. Олар да ел басына күн туса алдыңғы болып кететіндердің қатарындамыз дейді.

Жалпы біз сұраған шоу бизнес әлеміндегі ер азаматтардан әскерге барған тек «Меломен» тобындағы Қайрат Ретбаев қана. Ол Отан алдында жүзім жарқын, болашақ жастар алдында үлгілі азаматпын дейді.

17495036_183777832134742_963696708812800000_n

“Меломеннің” продюсері Бауыржан Есебаев әскери өмірді көрген адам достықтың, Отанның не екеінін түсінеді деп тұжырымдады.

ADS_8147

«Азаматтың нағыз сыналатын жері ғой. Оның өте көп пайдасы бар. Өмірдің не екенін түсінесің, ағайын туыстың не екенін түсінесің, Отанның не екенін, достықтың не екенін түсінесің. Отанды қорғау кеш емес. Сондықтан адамның бойындағы өз міндетін ол атқару керек. Елдің алдында беті жарық болу үшін, Отанның алдында өзінің міндетін атқару керек», – дейді Есебаев.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз