АЯҒЫҢ ҚИСЫҚ БОЛСА ДА, ТҮЗУ ЖҮР!

3
479

 

Қазақ тілін корғағандарды жек көрсе, Жасарал Қуанышалин  сияқтыларды қалай қазақ қайраткері деуге болады???

 

 

Жасарал Қуанышалинің парақшасын ашсам,  орысша ЖАЗБА жазған екен.
Қол астындағы оқырмандардың пікірлерін қарасам, жартысы орысша, жартысы қазақша.
Соған байланысты сол Жасарал Қуанышалиннің орысша ЖАЗБАсының астына «Қазақша жазыңыздар» деп өз пікірімді қалдырғам..

Мына төмендегі пікірім Жасарал Куанышалиннің ЖАЗБАсының астына қалдырған пікірім.
Ол өшіріп тастауы да, әбден мүмкін екенін ішім сезген соң, бұл пікірімді алдын ала көшіріп сақтап дайын отырғанмын, шынында да өшіріп тастапты..

«ОҚЫП ОТЫРҒАН ОҚЫРМАНДАР!

ЖАЗБА орысша болса да, қазақша пікір жазыңыздар, Қазақша болса да қазақша пікір жазыңыздар.
Орысша жазу – ана тілімізді менсінбеудің белгісі.
Ресейдің тілімен сайрауды қою керек – бұл да сатқындықтың белгісі.
Сосын ақталу үшін «Сен түсінбейсің, әлі ақылың тар» деген сияқты топастарша жауап қайтармауларыңызды сұраймын.
Қоғамды түзеймін деген адам бірінші өзін түзеуі керек.
Дұрыс па?
Түзелмеген адам нені түземекші?
Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды.
Ұяттарыңыз болса, түзелген адамдардың түзу саптарында болыңыздар!»

Менің осы пікірімді оқырмандар қолдап келе жатыр еді, Жасарал мені бірден банға тастады.
Егер мен Ж Куанышалиннің атын атап, бетіне тіл тигізіп айтсам онда бір сәрі… Бірақ ашушаң әрі аурушаң үлкен кісі болған соң, оның бетіне айтпай, керісінше орысша пікір қалдырған оқырмандарына қарата айттым.
Жасарал осындай қазақ тілін корғағандарды жек көретін болса, бұл сияқтыларды қалай қазақтың қоғам қайраткері деуге болады???  Жасаралдың  қазақ тілін қорғау үшін Конституциядан орыс тілін алып тастау туралы Мұхтар Шаханов бастаған әйгілі 138-дің хатына қол қоймай, қарсы шыққаны тегін болмады.
Ал мынауың жартылай орысша жазады, одан қоймай тіл жанашырларын қиып тастайды.
Кез келген елде өзге тілде сөйлеген адамды қоғам қайраткері демейді.
Ал бізде әлі күнге дейін қалай болсын атай береді екен, атақ бере береді екен…
Мысалы, біреу спорттан чемпион болса болды, оны батыр дейтінді шығарды.
Сол батырың өзі шындықты айтқан және ел, жер қорғап жүрген батырларымызды түрмеге тъғып жатқанда шындықты айта алмаса, онда ол чемпионың қалай қазақтың батыры болады???
Негізі чемпион мен батыр екеуі екі бөлек мәселе.

Мысалы менің кемшілігімді біреу дәлелдеп айтса, мен сол кемшілікті түзеймін.
Ал қателігін мойындамайтын адамды қоғам қайраткері деуге ауыз бармайды ғой.
Мысалы, Жасарал Қуанышалиннің қанша қателіктерін дәл басып айтсаңда, мойындаған емес.
Мойындамағаны былай тұрсын, әдеттегідей өзіңе жала жауып, күйе жағып көрсетеді.
Бір кездері өзімен келіспей қалған ұлт жанашырларымен мені де «биліктің жансызысың» деп дәлелсіз күйе жаққаны бар.
Мені «биліктің жансызы» деген сөзіңді дәлелде» дегенмін.
Дәлелдегені қайда, мыңқ ете алмады…
Ол өзінің әдеті бойынша ойлайтын болуы керек, «өтірік айтсам, халық сеніп қалады» деп…
Шыны керек,  өзін саясаткермін деп жүрген адамға қалай болсын, солай оттап сөйлеу тіптен ұят нәрсе ғой…

АЯҒЫҢ ҚИСЫҚ БОЛСА ДА, ТҮЗУ ЖҮР!

 

    Жәнібек ИМАНМӘЗІР

   Фейсбук парақшасы

 

 

3 ПІКІРЛЕР

  1. АЯҒЫҢ ҚИСЫҚ БОЛСА ДА, ТҮЗУ ЖҮР!

    Қазақ тілін корғағандарды жек көрсе, Жасарал Қуанышалин сияқтыларды қалай қазақ қайраткері деуге болады???

    Жасаралдың қазақ тілін қорғау үшін Конституциядан орыс тілін алып тастау туралы Мұхтар Шаханов бастаған әйгілі 138-дің хатына қол қоймай, қарсы шыққаны тегін болмады.

    http://www.gu-gu.kz/m/31677

  2. Ол Жасарал қазақ тілін қорғау, Конституциядан орыс тілін алып тастау туралы Мұхтар Шаханов бастаған әйгілі 138-дің хатына қол қоймай, қарсы шыққан орысқұл ғой. Козловтың «Жасарал ұлтшылдарға қарсы торпедом» деп жиында жариялағаны нағыз қоғам қайраткері Серік Сапарғалидың парақшасы мен сайттарда жазылды. Козловтың малайынан не үміт күтіп жүрсің Жәке?

  3. Ол Жасарал қазақ тілін қорғау, Конституциядан орыс тілін алып тстау туралы Мұхтар Шаханов бастаған әйгілі 138-дің хатына қол қоймай, қарсы шыққан орысқұл ғой. Козловтың «Жасарал ұлтшылдарға қарсы торпедом» деп жиында жариялағаны нағыз қоғам қайраткері Серік Сапарғалидың парақшасы мен сайттарда жазылды. Козловтың малайынан не үміт күтіп жүрсің Жәке?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз