Көңілдесінен қауіпті ауру жұқтырған компания басшысы ер-азаматтарға ақылын айтты

0
148

Өзінің қол астында жұмыс істейтін қызметкерімен көңілдес болған компания басшысы жыныстық жолмен жұғатын қауіпті ауруға қалай душар болғанын айтып берді. Ауруды тек қана өзіне емес, әйеліне де жұқтырған ол ер-азаматтарға ақылын айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көңілдесінен қауіпті ауру жұқтырған компания басшысы ер-азаматтарға ақылын айттыЕліміздегі кішігірім компанияның басшысы қол астына жұмысқа тұрған жас қызға көзі түскенін айтады.

«Тартымды, көрікті қыз болды. Кез келген ер адамның көзі қызығатындай қылықты да болды. Өзі де менің мақтау сөздеріме қуанып, көңілденіп қалатынын байқадым. Ақырындап, жақынырақ танысып, тұрмыс құрмаса да, беті ашылған қыз болып шыққанына іштей қуандым», – деген ол қыздың ыңғайына қарай әрекет ете бастағанын айтады.

«Кадр бөліміне көмекші болып келген қызды кабинетіме жиі шақырып, ақырындап ешкімге білдірмей түскі асқа да бірге ертіп барып жүрдім», – деген ол келесіде бойжеткенмен жақын қарым-қатынас орнатуды қолға алғанын айтады.

«Оқуды енді бітірген, Алматыда өзінің құрбыларымен бөлек пәтер жалдап тұратын. Өзімнің әйелім, екі ұлым бар екенін ашық айттым. Ол өзі де бас тартпады. Бірақ дәл сол кезде оның қауіпті сифилис ауруымен ауыратынын білген жоқпын ғой. Мен қатарлы еркектердің көбінде көңілдес бар. Бірақ мынадай жағдайға душар боламын деп ешқайсысы ойламайды», – дейді ол.

Екі айдан соң оның да, жұбайының да денсаулығы сыр бере бастайды. Дәрігер алғашқы болып жүгінген әйелі қауіпті ауру жұқтырғанын естіп, талып қала жаздаған.

Қатты қиналған ол күйеуінен мұны түсіндіруін талап етеді.

Басында өзінің айыбын жасырған ол алдымен көңілдесінен бар шындықты сұрамақ болады.

«Ол алдымен мұны мойындамады. Бірақ мен қысым көрсетіп, одан бар шындықты білдім. Ол бұған дейін аз уақыт бұрын сифилиспен ауырған екен. Емделіп жүргенін айтты. Осылайша, мен өзімнің Алла қосқан қосағыма да бұл қауіпті ауруды жұқтырғаныма қатты өкіндім. Әркімнен бір жүрген әйелдің бұл ауруын таза жарыма жұқтырғаным үшін кінәлімін.

Енді оның ұзақ уақыт бойы емделуіне тура келеді. Бұл ауру кейінгі балаларға да беріледі екен. Өз отбасымның ойранын шығарды деген осы болар», – деген ол басқа ерлерден жаза баспай, үнемі ақылмен әрекет етуге кеңес берді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз