Хакерлер жақында Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталатынын ескертті (видео)

0
385

Anonymous хакерлері Корея түбегінде жақында Үшінші дүниежүзілік соғыс болатынын ескертті. Аталған видеороликті топ өздерінің ресми  YouTube арнасында жариялаған, – деп хабарлады nur.kz.

Хакерлер Солтүстік Корея жақын уақытта Оңтүстік Кореяға немесе Жапонияға ядролық ракета жіберуі мүмкін дейді.

«Біз Корея түбегіндегі соғысқа дайындықтың қалай жүріп жатқанын бақылаудамыз… Елдер стратегиялық қарулар дайындауда… бірақ бұрынғы соғыстан ерекшелігі, тез және аяусыз болады. Салдарынан әлемде экономикалық және экологиялық дағдарыс жайлайды», — деп айтылған аталмыш видеороликте.

Бұған мысал ретінде хакерлер АҚШ-та жақында баллистикалық сынақтан өткен Minuteman 3 ракетасы мен Қытайдың өз азаматтарын Кореядан кетуге шақырғанын  айтқан.

Еске сала кетейік, өткен айда белгілі португалиялық көріпкел Горацио Вильегастың Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталатын мерзімін атаған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз