Орта салмақта әлемнің экс-чемпионы мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес (50-3-1, 32 КО) отандасы Сауль «Канело» Альварестен (49-1-1, 34 КО) жеңілгеннен кейін қыздармен көңіл көтеріп жатқан сәтінде видеоға түсіп қапты, деп жазады vesti.kz.
Айта кетейік, мексикалықтардың жекпе-жегі Лас-Вегаста өткен. Нәтижесінде «Канелоға» барлық төреші 12-0 деген есеппен жеңісті берді.
Ащы жеңілістен кейін Чавес бір қора қызбен көңіл көтеруді ұйғарған сыңайлы. Айтпақшы, «Канелодан» жеңілгені үшін ол 3 миллион доллар гонорар алған.