Үкімет оралмандарды үй кезегінен алып тастауы мүмкін

0
181

Мемлекеттен берілетін үй кезегінде тұрған астаналық оралмандар мен әскерилер түгел бұл кезектен алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Elorda.info порталы хабарлап отыр деп жазады Skifnews.kz.

Үкімет оралмандарды үй кезегінен алып тастауы мүмкін«Біз үкіметке аталған санаттағы азаматтарды кезектен алып тастау мәселесін талай рет ұсындық. Енді осынау ұсынысты қазір үкіметтегілер талқылап жатыр», – деді Астана қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов мәслихаттың тұрақты комиссиясы өткізген жиында.

Оның айтуынша, қазір оралмандар квотамен елге келгеннен кейін кез келген облысқа барып ақшалай өтемақы алады да, тұрғылықты мекен-жайын Астанаға ауыстырып, үй кезегіне қайта тұрады екен.

Ал әскерилер үшін Астана басшылары өзге тізім жасап, өзге жеңілдіктер қарастырмақ. Атап айтқанда, оларға жеңілдетілген несиемен пәтерлер берілуі мүмкін. Осылайша, Астанадағы үй кезегінде тұрған азаматтар саны екі есеге дейін қысқаратын болады

Қазіргі таңда елордада мемлекеттік қордан берілетін үйдің кезегінде 45 516 адам тұр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз