Жас жұбайларға ән арнаған Димаштың видеосы қызу талқыланып жатыр

0
438

Димаш Құдайбергеннің қазақ тойында өнер көрсеткен видеосы Интернетте пайда болып, кеңінен талқыланып жатыр, – деп хабарлайды 365info.kz.

Видеода жас жұбайларға тілек айтқан Димаш тойды қыздырып, айналасын тамаша әнге бөлейді.

Видеоны көріп, пікір қалдырғандардың бірі:

„Димаш, әдеттегідей, кәсіби деңгейде өнер көрсетті.

Бірақ, өкінішке қарай, қолдары тамақтан, ауыздары ішімдіктен босамаған тойшыл қауым оған лайықты деңгейде қошемет көрсетпеді.

Димаштың тапқан табысы өзінен артылып қалады дегенге сенгім келеді, ол тойда өнер көрсетіп, пайда таппай-ақ қойсын, әрине туған-туысының, дос-жаранының қуанышымен бөлісуіне ешкім қарсы емес қой„ деп жазады.

Тағы бірі:

„Димаш, той сен жүретін жер емес, сенің орның әлемдік сахнада„ деп жазады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз