Ақтөбе облысында мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

0
180

Ақтөбе облысында мұнай ұрлаумен айналысатын ұйымдасқан қылмысты топты құрықтау арнайы операция жүргізілді  деп хабарлайды Қаржы министрінің мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Ақтөбе облысында мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталдыМамырдың 16 күні Ақтөбе облысының экономикалық  мемлекеттік кірісті тергеу комитетінің қызметі және ЖҚАЖ  бен ІІД қатысуымен мұнай өнімдерін сату және ұрлаумен айналысатын ұйымдасқан қылмысты топты құрықтады.

Күш құрылымдары шамамен 100 тонна дизельді жанармайды қолданыстан алып тастаған.

«Шамамен төрт адам ұсталды, олардың құрамында дәстүрлі емес діни ағымды қолдайтын жан бар екені анықталды. 

12 мекен-жай бойынша тексеру барысында ақша, қару мен оқ дәрілер, діни әдебиет пен мөр бедерлемесі, түрлі заңды тұлғалардың штапмы тәркіленді. Сондай-ақ, мұнай өнімдерін сақтайтын 10 сұйыққоймасы бекітілді. 

Оперативті тергеу ісі әлі де жалғасып жатыр», – делінген МКК баспасөз қызметінде.

Естеріңізге салсақ, кеше Қазақстанның үш қаласы- Тараз, Шымкент және Қызылордада ІІД мен ҰҚК бірігіп өткізген арнайы операция жүргізілді.

Мекемеаралық тергеу-оперативті топтарының мүшелерімен бірге қосымша 8 адам ұсталды.

«Олар тұратын мекен-жай бойынша, мекемелер мен «КАИС-сервис» ЖШС (Қызылорда, тас жол және мұнай құятын терминал өндіретін зауыт), «Қарамай Ойл» ЖШС (Тараз, мұнай құятын терминал) қосқанда  21 тінту операциясы жүргізілді», – деп хабарлаған баспасөз қызметінде.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз