Солтүстік Қазақстанда суға батқан адамды құтқарып қалған қыз 7 жылға сотталды

0
484

Солтүстік Қазақстанда  суға батқан адамды құтқарып қалған қыз 7 жылға  сотталды

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотында бұрын бір адамды ажалдан құтқарып қалған қыздың ісі қаралып, оны 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шықты.

2013 жылдың күз айында Ксения Шестоперова Есіл өзеніне батып кеткен ер адамды құтқарып қалған, деп жазады Sputnik.

40 жастағы ер адамды құтқарған 25 жастағы қыздың ерлігі жұртты таңғалдырған еді. Осыдан соң бойжеткеннің ерлігі ақпарат құралдарында жазылып, ол туралы сюжеттер де көрсетілді. Оған «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісін тақты.

Ал, 2016 жылдың қазан айында Ксения бір адамның өліміне күдікті болып шықты. Ол 4 жыл бұрын адам өлтіріп, мәйітін үйінің маңына жерлеген. Бұл жерді айыпталушының өзі полицейлерге көрсетті.

2286640
2012 жылы 15 сәуір күні Ксения Петропавлдан ауылдағы ата-анасына барады. Үйіне барса көршісі Асқар Жәкенов мас күйінде оның үйінде отырған. Ксения көршісін үйден қуып шықпақ болғанда көршісі оның өзін жұдырықпен басынан бір ұрады.

Ксения кешкісін қалаға қайтпақ болып жиналады. Ол автобустан кешігіп қалып үйін қайтып келеді. Үйіне қайтып келгенде тағы да ұйықтап жатқан көршісін көреді. Ол көршісінен үйінен шығуын сұрайды. Көршісі үйінің ауласына барып қыздың әкесімен ішімдік ішеді. Кейіннен әкесін де, Ксенияны да балағаттап, Ксенияның басынан бір қойған. Осы кезде үйінен пышақ алып шыққан Ксения оны басынан жарақаттайды.

Көршісі сол жерде көз жұмады. Бойжеткен мәйітті моншаға кіргізіп, кейін канализация құдығына тастайды. Оның бетін топырақпен, қоқыспен көміп тастайды. Бойжеткен бұл жайлы ешкімге айтпағанымен бірде ішімдік ішіп отырып ауылдасына айтып қояды. Ол қыздың айтқанына сенбеген соң мәйіттің жатқан жерін де көрсетеді. Ауылдасы да ішімдік ішіп отырып өзге танысына бұл жайлы айтып береді.

Куәгерлер марқұм болған ер адамның мінезі жаман болғанын айтты. Тіпті анасы да мас кезінде ұлымен сыйысу мүмкін емес болғанын мойындады.

«Асқар бұрын Германияда тұрды. 2008 жылы елге оралып бізбен бірге тұрып жатты. Ксениялардың үйінде жиі болатын. 2011 жылы жанжал шығарып, мен полицияға арыздандым. Сот шешіміме үйдің оған тиісті бөлігінің ақшасын беріп, бөлек тұруын сұрадым. Ол үйге соңғы рет 5 сәуір күні келген», – дейді марқұмның анасы.

Анасы да, куәгерлер де марқұм болған ер адам жайлы теріс мінездеме бергенімен айыпталушы бойжеткен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз