Қайраттың анасы келінін көпшілікке не үшін көрсетпей жүргенін айтты

1
262

Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлының отбасы жайында неліктен жақ ашпай келгенін айтты. Оның айтуынша, ол журналистерге ерегісіп, келінін көрсетпей қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол «Астана» арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтып берді.

Қайраттың анасы келінін көпшілікке не үшін көрсетпей жүргенін айттыЖурналистің: «Жаңалығыңызды қашан халықпен бөлісесіз», – деген сұрағына:

«Алла қаласа. Маған да оңай емес. Неше түрлі жағымсыз сөздер айтады. Гүл құшақтағанша немереңді құшақтамайсың ба деп жатады. Кобра екенсіз дейді. Осы уақытқа дейін қанша сұхбаттар болды, қинап жатады, айт деп.

Бірақ ел басымыздан қанша жайт өткенін білмейді. Небір жағдайлар болды. Халық біреуін білсе, біреуін білмейді. Қайратқа қанша жаман нәрселер жасалынды. «Прайм плазада» болған жайттан бастап, үйін торуылдағанға дейін», – деді ол.

Оның айтуынша, ол отбасылық құпиясын журналистерге әдейі ашпай қойғанын айтты. Себебі журналистер сөзімді бұрмалап, мазақ еткендей болады дейді ол.

«Сендерге сол керек болса, мүлдем көрсетпеймін деп ойладым», – дейді ол.

Дегенмен, жуық арада ол бар құпиясын ашып, неліктен осы уақытқа дейін ұлының отбасы туралы жақ ашпай келгенін айтып беруге уәде берді.

1 Пікір

  1. Осы журналисттерге тусінбеймін неге керек екен біреуді ғибаттау тынвш қойса болады жазам десе көп елдің жағдайын

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз